Жангелдин ауданында 1 мамыр мерекесіне орай мәдени көпшілік шара өтті

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне байланысты орталық алаңда мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен кең көлемде іс-шара ұйымдастырылды

Өнер десе, жан – тәнімен бірге беріліп кететін Торғай халқы ынтымақ пен бірлік күнін көтеріңкі көңіл – күймен қарсы алды. Әсіресе, әр ұлттың киімін киіп, ұлттық тағамдары мен өнерлерін насихаттаған мекеме ұжымдары тамаша кештің шырайын ашты. Тіпті, кейбірі әр ұлтқа тән қасиетті өнерін көрсетіп, би билеп, ән салды. Енді бірі сол өзге ұлт өкілдерінің тілімен құттықтауларын жолдады. Өнерлі ұжымдарға аудан әкімі алғысын білдірді. Дала сахнасында мекеме ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Аудан әкімі Шота Оспанов торғайлықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

– Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім–мемлекетіміз-дің ең басты негізі, рухани байлығы. Қазақ – қашаннан бауырмал халық. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерінің бәріне құшағын ашып, төрінен орын беріп, қандай қиын сәттердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеген елміз. Қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекеттің бірі болып, әлемге бейбіт сүйген ел ретінде танылды. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз болғандықтан, бұл жетістікті бағалап, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, елдегі татулық пен бірлігіміз бекем болсын деп тілеймін. Алға қойған арман-мақсаттарға ауызбіршілікпен жете берейік, – деді аудан әкімі.

Мерекелік шара барысында спорттық ойныдар өтіп, жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар, Жаркөл, Ақшығанақ, Қалам – Қарасу ауылдық округтері мен Торғай, Сужарған, Шеген ауылдары арзандатылған бағада ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізді.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.