Қызбел ауылдық округіне қарасты ауылдарда қар аршу жұмысы қарқынды

Екі күн бойы толассыз соққан ақ түтек боран  ауыл ішін үйме қарға толтырып, жолдарды басып қалды.

Мәселен, аудан орталығынан шалғай орналасқан Тоқан – Саға – Бидайық бағытына баратын көтерме жолдар қармен толды. Бірақ, жергілікті билік өкілдері бұл мәселеге бей – жай қарамай жолдарды тазалауға міндетті мердігерлерге қолқа салды. Аталған үш бағыттағы қысқы жолдарды тазалау Ақмола облысы, Есіл ауданының «Күнсұлу» шаруа қожалығының еншісінде екен.

«Біздің жақта қыс қатты болады. Боран екі күнің бірінде ұйытқып соғып тұрады.  Ауыл ішінде қар басып, үйме тауға айналды. Бірақ біз жауапты мердігермен үнемі байланыста отырамыз. Өзге облыстың адамы болса да уақытылы келіп, қарды тазалап береді. Күні кеше Саға және Бидайық ауылының ішкі көшелерін қар басып, техниканы былай қойғанда адамдардың жүруіне кедергі жасады. Оқушылардың да сабаққа баруы қиындық туғызды. Мердігер келіп сырты жолдарды тазалап берді. Ауыл тұрғындарының атынан өтініш айтып, ішкі көшелерді тазалар беруін өтініп едім, еш қарсылық білдірген жоқ. Барлық көшелерді айнадай тазалап, қырып берді. Сондықтан қос ауылдың тұрғындарының атынан «Күнсұлу» шаруа қожалығының басшысы Бақытжан Мерекеұлына және бас бригадер Андрей Сайитхалиловке шексіз алғысымды білдіремін. Жомарттық танытып, қол көмектерін берді. Сырттың азаматтары болса да қайырымды іске келгенде мығым екен. Еңбектерінің жемісін көрсін. Отбастарына амандық тілеймін», – дейді округ әкімі Қайсар Нұрғазин.

Қысқы жол тазалау жұмыстарын мемлекеттік конкурс арқылы ұтып алған мердігерлер тек қана сырты жолды тазалауға міндетті. Десекте, ауыл әкімінің өтінішін құп алған атымтай – жомарт азаматтың түсінігі мол екен. Әйтпесе, өзіміздің жергілікті жердің мердігерлері «біз ауыл ішін тазалауға міндетті емеспіз. Ол келісім шартта көрсетілмеген» деп шалқаяды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.