Ысмағұл Гүлім: “Жастарды қолдау —болашақтың іргетасын қалау”

Өздеріңізге белгілі, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен партия ішіндегі праймериз сайлауы басталды

Бүгінгі таңда осы бастама аясында беделді, көшбасшы азаматтар праймеризге қатысып, өз үлестерін қосып жатыр. Осы ретте мен де үміткер ретінде тіркеліп, елдің аманатын арқалауға бел будым. Ел үшін еңбек ету – менің басты мақсатым.

Сонымен, сайлауалды бағдарламамда төмендегі мәселелерге ерекше назар аударатын боламын. Ол – жастардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету, шығармашыл жастарға бағыт-бағдар беру және жұмыссыз жастардың жұмыс табуына ықпал ету.

– Бүгінгі таңда біздің ауданымызда ғана емес, еліміз бойынша білікті кадр мәселесі күн тәртібінде тұрған проблеманың бірі деп есептеймін. Қазірде жұмыс бар – сапалы кадр жоқ. Ал, ауданымыздан түлеп ұшқан студенттер ЖОО бітіргеннен кейін елге келіп, қызмет еткісі келмейді. Ол үшін жас маманға жағдай жасалуы қажет, оларды баспанамен қамтып, жақсы жалақы бөлінуі тиіс. Мемлекетімізде «Дипломмен – ауылға», «Серпін», т.б. бағдарламалар арқылы жастардың елді мекендерде қызмет етуіне барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Бірақ, көп ретте ауданымызға еңбек етуге келген жастар қайта кетіп қалып жатады. Осы мәселені зерттеп, жас мамандардың ауылда қалып алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауға атсалыссам. Әсіресе, бүгінгі күні аса қажетті ауыл шаруашылығы мамандары, мұғалім, дәрігер, журналист сынды мамандар тапшы. Сол себепті жастар мамандық таңдауда қателеспеулеріне  бағыт-бағдар беруге ықпал  етсем.

– Жастардың бос уақыттарын тиімді жұмсауына жағдай туғызып, оларды шығармашылыққа баулуды да қолға алуды мақсат тұтып отырмын. Ол үшін ауданымыздағы мектептерде, Мәдениет үйінде жастар бас қосатын орындар қажет. Жазу-сызуға бейім жасөспірімдерді әдебиетке, мәдениетке, журналистикаға бағыттау;

– Мемлекеттік органдардың бастамасымен іске асырылатын бағдарламаларда арнайы жастар үшін жаңа жұмыс орындарын құруды қарастыру арқылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ету;

– Жастардың біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді оқу курстарын ұйымдастыруға көмектесу;

– Жастардың жұмысқа орналасуына  жәрдем ету.

Жастар- жалынды күш!

Болашақ-жастардікі!

Мен, Ысмағұл Гүлім Мылтықбайқызы, 1989 жылы 29 қаңтарда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай селосында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары. Алғашқы мамандығым филолог, екіншісі –журналистика мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрімін.

2012 жылдан бері Nur Otan партиясының мүшесімін. 2017 жылдан Жангелдин аудандық мәслихатының депутатымын.

Жангелдин ауданының Көшбасшы әйелдер клубы мен Аналар кеңесінің мүшесімін. Отбасылымын. Жолдасым мемлекеттік қызметкер. Отбасымызда екі бала тәрбиелеп отырған анамын.

Еңбек жолымды 2011 жылы Алматы қаласындағы №144 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастадым.

Кейін Жангелдин ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет істедім.

2012 жылдан 2017 жылға дейін Жангелдин аудандық «Біздің Торғай» газетінің директоры-бас редакторы болдым.

2017 жылдан газеттің бас редакторы болып қызмет етемін.

Марапаттарым:

2012 жылы мемлекеттік жастар саясатына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүндетбаевтың Алғыс хаты,

2013 жылы “Менің тағдырым – елімнің тағдыры” атты оңтүстік өңір жастары форумының жеңімпазы,

2014 жылы Ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Ещановтың арнайы дипломы,

2015 жылы Ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай Жангелдин ауданының әкімі А.Кенжеғариннің Алғыс хаты,

2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетовтің Алғыс хаты,

2018 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы С. Мүксімовтің Алғыс хаты,

2018 жылы Жангелдин ауданының 90 жылдығы құрметіне арналған естелік төсбелгі,

2019 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталдым.

#nurotan #praimeriz #праймериз #мағандауысбер #голосуйзаменя

Редактор

Recent Posts

Жанкелдин ауданы Саға ауылының тұрғындары үйлеріне оралды

Қуанышпен қауышқан жанұялардың жүзі жарқын. (далее…)

2 недели ago

Жанкелдин ауданында тазалық айы басталды

Мекемелер жаппай сенбілікке шықты (далее…)

2 недели ago

Жанкелдин ауданындағы Түйемойнақ елді мекеніне ақбоз киіз үйлер тігілді

Тасқын судың зардабын шеккен шағын ауылдың тұрғындары үйсіз қалды. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.