Торғайда отбасының берекесін алған азамат әкімшілік жазаға тартылды

Жуырда ғана қаралған істердің бірінде азамат жұбайына қатысты жүйелі түрде балағаттап, қол жұмсағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот істі қарау барысында жәбірленушінің түсіндірмесін, медициналық қорытындыны және өзге де дәлелдемелерді зерттеді. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығы олардың жеткілікті әрі іске қатыстылығын көрсетті. Құқық бұзушы сот отырысында өз кінәсін мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетінін білдіргенімен, жәбірленушінің түсіндірмелері құқық бұзушылықтың қайталанатын сипатын айқындады.
Сот аталған әрекеттерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер ретінде саралап, ішкі істер органының құқықтық бағасын дұрыс деп таныды. Аталған норма отбасында құрмет көрсетпеу, қорлау, кемсіту, сондай-ақ тұрғын үйде жасалатын тыныштықты бұзатын өзге де әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейді.
Әкімшілік жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушының жасаған іс-әрекетінің сипатын, жәбірленушіге келтірілген моральдық зиянды, құқық бұзушылықтың жүйелі түрде қайталануын, сондай-ақ жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескерді. Нәтижесінде құқық бұзушыға әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалып, сонымен қатар оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Атап айтқанда, белгілі бір мерзімге алкогольдік ішімдік қолдануға тыйым салынып, ішкі істер органында профилактикалық бақылаудан өту міндеттелді.
Жангелдин аудандық сотының судьясы Нұргүл Сәуленнің айтуынша, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға сот тарапынан әрдайым принципті көзқарас танытылады.
«Кейбір азаматтар отбасындағы жанжалдарды жеке мәселе деп ойлайды. Бірақ заң бәріне ортақ. Отбасында жасалған зорлық-зомбылық – қоғамға қауіпті әрекет. Соттың негізгі мақсаты – тек жазалау емес, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу», – дейді судья.
Отбасындағы ұрыс-керіс пен зорлық-зомбылықтың ең үлкен зардабын балалар тартады. Психологтардың пікірінше, мұндай ортада өскен балада қорқыныш, тұйықтық, агрессия немесе керісінше өзіне сенімсіздік қалыптасады. Кейін бұл оның қоғаммен қарым-қатынасына, болашақ отбасылық өміріне тікелей әсер етеді.
Осы тұрғыда сот тәжірибесінде кәмелетке толмаған балалардың мүддесіне ерекше мән беріледі. Жаза тағайындау кезінде олардың психологиялық жағдайы, қауіпсіздігі және болашағы басты назарда болады. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қою, профилактикалық есепке алу, алкогольді ішімдікке шектеу салу – осының барлығы отбасындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған шаралар.
Отбасы құндылықтарын сақтау ең алдымен тәрбиеге байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген халық даналығы бүгін де өз маңызын жойған жоқ. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, сабыр мен түсіністік – мықты отбасының басты тіректері.
Бұл тұрғыда Торғай өңірін жанұялық құндылықтары берік аймақтардың бірі деуге болады. Мұнда үлкеннің сөзіне тоқтау, отбасылық мәселелерді сабырмен шешу, ағайын арасындағы татулықты сақтау дәстүрі әлі де сақталған.
Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
Суретті Жангелдин аудандық сотының судьясы Нұргүл Сәулен
Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

10 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.