Астана мен Батысты жалғайтын тарихи жол құрылысы Шеген ауылына дейінгі аралықта жүріп жатыр.

Торғай өңірінде өңірлік экономиканың тамырына қан жүгіртетін ауқымды да тарихи жоба жаз шыға басталды. Мегажобаның жай-жапсары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев айтып берді.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Орталық – Батыс» жаңа автомобиль жолының құрылысын жергілікті жұртшылық зор қуанышпен қарсы алды.

Жаңа трасса Арқалықтан Астанаға қарай және Торғай ауылынан Ырғыз ауданына дейінгі аралықты жалғайды. Жолдың жалпы ұзындығы – 889 шақырым. Бұл магистраль Елорда мен Батыс өңірлері арасындағы қашықтықты бірден 560 шақырымға қысқартады.

Қазіргі уақытта Торғай ауылынан Шеген ауылына дейінгі 17 шақырымдық жолда белсенді жұмыс жүріп жатыр. Қарқынды құрылыс алаңында 790 000 текше метр топырақ төгілген. Жұмысқа 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

«Жол салынған жерде даму, бизнес пен жаңа жұмыс орындары пайда болады. Бұл ауданымыз үшін сауда мен логистиканы арттыратын, туризмді дамытуға мүмкіндік беретін және халықтың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеретін үлкен қадам», – деді аудан әкімі.

Сарапшылардың пікірінше, бұл инфрақұрылымдық жоба Торғай өңіріндегі халықтың тұрақтануына және аймаққа инвестиция тартылуына серпін бермек.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет Жангелдин ауданы әкмдігінен алынды

Редактор

Recent Posts

Жангелдиндік спортшы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын медаль иеленді

Шеген ауылының тумасы, жерлесіміз Ахмет Есен халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.…

1 день ago

Көшпелі экспедиция Торғай өңірінен басталды

Қостанай облысында этносаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға және қоғамдағы өзара сыйластық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған…

4 дня ago

Қостанайда Кеңшілік Мырзабектің 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті

Ақынның мерейтойына Мемлекет басшысы құттықтау жолдады. (далее…)

5 дней ago

Жангелдинде егін орағы аяқталды

Жангелдин ауданында биылғы егін жинау науқаны аяқталды. (далее…)

6 дней ago

This website uses cookies.