Жылу жүйесіндегі келеңсіздікке жауапты қызметкердің қауіпсіздік талаптарын бұзуы себеп болған.
Әлеуметтік желіде Жангелдин жалпы білім беретін мектебінің жылу қазандығына қатысты тараған бейнежазба жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызды. Кадрлардан пеш жағу кезінде қазандықтың от жағу аузынан жалын шығып, ішін қою түтін басқанын көруге болады. Оқиғаға байланысты аудандық білім бөлімі ресми түсініктеме беріп, жағдайдың мән-жайын жариялады.
Білім бөлімінің мәліметінше, оқиғаға жылу қазандығына қызмет көрсететін жауапты қызметкердің қауіпсіздік талаптарын сақтамауы себеп болған. Атап айтқанда, қызметкер пештің жұмыс схемасына өз бетінше өзгеріс енгізіп, оның төменгі бөлігінде рұқсатсыз тесік жасаған. Соның салдарынан пешті жағу кезінде от жағу аузынан жалын атқылаған.
Мамандар мұндай әрекетті жылу қазандығын пайдалану талаптарын өрескел бұзу деп бағалайды. Өйткені қазандықтың құрылымына өз бетінше өзгеріс енгізуге, техникалық құжаттамада қарастырылмаған жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
Аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта анықталған ақау толық жойылып, пеш бастапқы техникалық қалпына келтірілген. Жылу жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Мектеп ғимаратында қажетті температуралық режим мен санитариялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілген.
Оқиғадан кейін мектеп басшылығы мен қазандыққа жауапты қызметкерлерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, жылу жабдықтарын белгіленген тәртіппен пайдалану жөнінде қосымша нұсқаулық берілген. Сондай-ақ қандай да бір техникалық ақау анықталған жағдайда оны өз бетінше жөндеуге әрекет жасамай, тиісті мамандарға жүгіну қажеттігі ескертілген.
Білім бөлімінің мәлімдеуінше, білім беру ұйымдарында балалар мен қызметкерлердің өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Сондықтан жылу қазандықтарын пайдалану кезінде жауапсыздыққа жол берілмейді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреті әлеуметтік желіден алынды
Жангелдин ауданына қарасты Ақкөл ауылында жабайы аңдардың елді мекенге жиі келуі тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық…
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Жангелдин ауданына жаңа тұрғын үйлердің айналасын абаттандыруды тапсырды. (далее…)
Қасқыр талаған тұрғынды бес сағат бойы ауруханаға жеткізді. (далее…)
Жангелдин ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында «Құпия сатып алушы»…
Развитие гражданского общества начинается с вовлечения жителей в решение насущных вопросов на местах. (далее…)
Жангелдин ауданында ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тағы бір маңызды нысан өз жұмысын бастады.…
This website uses cookies.