Қасқыр талаған тұрғынды бес сағат бойы ауруханаға жеткізді.

«ТобылИнфо» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 22 қараша күні кешке Жангелдин ауданының Ақкөл ауылына қасқыр кіріп, тұрғынға шабуыл жасаған. Жыртқыштан жараланған 1978 жылғы азаматқа аудандық ауруханада хирургиялық көмек көрсету мүмкін болмағандықтан, оны Арқалық қаласына шұғыл жеткізуге тура келген. Ал тұманды ауа райында жол бес сағатқа созылған. Облыс орталығынан 600 шақырым қашықта жатқан аудандағы бұл жағдай шалғай елді мекендердегі медицина мәселесін тағы да өткір қойды.

Оқиға 22 қараша күні кешкі уақытта болған. Ата-анасына қонаққа келген ер адам көрші үйге қонаққа бара жатқанда қасқырға тап болып, қолынан жарақат алған. Қауіпті сәтте ол жыртқышты жарық жерге дейін сүйреп шығып, көршілері дереу көмекке келіп, жартқышты өлтірген.
Ақкөл ауылы аудан орталығынан шамамен 100 шақырым, ал Қостанай қаласынан 600 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Мұндай шалғай елді мекендерде шұғыл медициналық көмектің қолжетімді болуы, тұрғындар үшін өмірлік маңызы бар мәселе.

Жангелдин аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Эльмира Маметованың айтуынша, науқас медициналық мекемеге есеңіреген жағдайында жеткізілген.

– Науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Арқалық қаласына жіберілді. Себебі бізде хирург жоқ. Қазіргі жағдайы тұрақты. Ауруханаға түскен кезде есеңгіреген күйде жеткізілді. Тұманды ауа райына байланысты жол шамамен бес сағатқа созылады, – деп түсіндірді Эльмира Маметова.
Осылайша, хирургиялық көмек қажет болған жағдайда аудан тұрғынына Арқалыққа дейін бірнеше сағат жол жүруге тура келеді. Ал ауа райы қолайсыз болса, уақыт одан әрі созылуы мүмкін.

Бұл жолы тұрғын қасқыр шабуылынан аман қалды. Алайда оқиға аудандық ауруханадағы хирург маман тапшылығының қаншалықты өзекті екенін көрсетті. Шұғыл ота қажет болған жағдайда науқасты бес сағат бойы басқа қалаға тасымалдау қаншалықты қауіпсіз? Шалғайдағы ауыл тұрғындарына сапалы әрі жедел медициналық көмек кімнің жауапкершілігінде?

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер ауыл тұрғындарынан алынды

admin

Recent Posts

Жангелдин ауданында «Құпия сатып алушы» әлеуметтік жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Жангелдин ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында «Құпия сатып алушы»…

3 дня ago

Сельчане смогут повлиять на планы развития своих округов и распределение ресурсов

Развитие гражданского общества начинается с вовлечения жителей в решение насущных вопросов на местах. (далее…)

3 дня ago

Жангелдин ауданы: Милісай ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Жангелдин ауданында ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тағы бір маңызды нысан өз жұмысын бастады.…

4 дня ago

Денисов жастарының еңбек нарығындағы белсенділігі артты

Денисов ауданында жастарды жұмыспен қамту деңгейі артқан. (далее…)

4 дня ago

В Узункольском районе, на сцене РДК, прошёл районный этап областного вокального конкурса «Дала дауысы»

Название, которое переводится как «Голос степи», точно отражающее суть: простор Родной земли, уважение к традициям…

4 дня ago

Жангелдинде мал шаруашылығын қолдау мәселесі күн тәртібінде

Жангелдин ауданының экономикасында ауыл шаруашылығы жетекші орын алады. (далее…)

4 дня ago

This website uses cookies.