Торғай өңіріне тән үлгіде жасалған сәукеле

Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы» музейінде халқымыздың бай рухани мұрасынан сыр шертетін бірегей жәдігер сақтаулы тұр.

Ол – Торғай өңіріне тән үлгіде жасалған сәукеле. Бұл асыл дүниені кезінде қазақтың дәстүрлі мәдениетін терең зерттеген Өзбекәлі Жәнібековтің ұсынысымен белгілі шебер Қырым Алтынбеков жасап шыққан.
Торғайдың этнографиялық ерекшеліктері негізінде дайындалған сәукеле бүгінде музей қорындағы ең құнды жәдігерлердің бірі саналады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, тоқсаныншы жылдары музейге тапсырылған бұл бас киім – тек сәндік бұйым ғана емес, тұтас бір өмірдің көркем шежіресі іспетті.
Музей маманы Батырлан Сағынтаевтың айтуынша, сәукеле – әйел адамның бас киімдерінің ішіндегі ең күрделісі әрі ең мағыналысы.
– Торғай үлгісіндегі сәукеледегі әрбір ою-өрнек терең символикаға ие. Төменгі тұсындағы жиі орналасқан өрнектер адам баласының тәй-тәй басқан алғашқы қадамдарын бейнелейді. Орта тұсындағы әшекейлі, көз тартар оюлар – жастық шақты, өмірдің ең жарқын, қуатты кезеңін білдіреді. Ал сәукеленің жоғары жағына қарай әшекей-моншақтардың сирей түсуі – ғұмыр базарының біртіндеп тарқап, өмірдің кемел шағына аяқ басуын меңзейді, – дейді ол.
Сәукеленің маңдай тұсынан бастап жоғары қарай шаншыла созылған мұнара тәрізді әшекей адам жанының көкке ұмтылуын, рухтың асқақтығын білдірсе, ал желек қалыңдықтың төркін жұртпен қоштасып, жаңа өмірге қадам басуын нышандайды. Қарапайым ғана қалыңдық бас киіміне тұтас адам ғұмырының философиясы сыйып кеткені – халқымыздың дүниетанымының тереңдігін аңғартады.
Сонымен қатар Торғай өңірінде ертеректе әйелдер киген «сұлама» немесе «сәукеле жаулық» деп аталатын бас киім үлгісі де кең тараған. Оның қаңқасы бірнеше қабат қағаздан жасалып, қатты етіп құрастырылған. Пішіні жоғары жағы қиылған конус тәрізді, биіктігі 40–50 сантиметрге дейін жеткен. Артқы бөлігі еркін түсіп, арқаны жауып тұрған. Мұндай жаулықтар маржан, моншақ, күміс әшекейлермен безендірілген.
Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
Сурет Батырлан Сағынтаевтан алынды
Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.