Қостанайда «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг ұйымдастырылды

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мен ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ізі қалған қасиетті Қостанай жерінде ауылдық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруді көздейтін «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық практикалық интенсив (семинар-тренинг) өтті. Бұл стратегиялық жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Ауыл» партиясының және Қостанай облысы әкімдігінің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Адал азамат» тұжырымдамасын негізге ала отырып, әділетті қоғамның негізін интеллектуалды әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалайтынын баса атап өтті.

Іс-шараның салтанатты бөлімінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов өңірдегі білім саласының жаңа қарқынына тоқталды:
«Қостанай облысы – еліміздің аграрлық жүрегі, астықты өлкесі. Біздің басты міндетіміз – ауыл мектебін тек білім ошағы емес, заманауи технологиялар мен инновацияның орталығына айналдыру. Бүгінгі шара облыс ұстаздарының әлеуетін арттырып, ауыл оқушысының мегаполис оқушысымен тең мүмкіндікке ие болуына жол ашады. Біз «Ауылдан – әлемге» қағидасын шындыққа айналдыруымыз керек», – деп атап өтті.

Жиын барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сарсенбаева цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне баса назар аударды.

«Біз бүгін «Адал азаматты» қауіпсіз цифрлық ортада тәрбиелеуіміз керек. Балаларды кибербуллинг пен лудоманиядан (құмар ойындар) қорғау – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия бұл жоба арқылы әрбір ауылдық отбасына заманауи психологиялық және әдістемелік көмектің жетуін қалайды», – деп түйіндеді Айгерім Сарсенбаева.

Ал «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов ауыл мектебінің жаңа миссиясын жариялады.

«Ауыл мектебі – бұл мемлекеттігіміздің іргетасы. Біз ауыл мұғалімін жасанды интеллектіні меңгерген, жаһандық трендтерден хабардар «жаңа дәуір ағартушысы» ретінде көреміз. Бұл семинар – ауылдың кадрлық резервін жасақтаудың маңызды кезеңі», – деді ол.

Семинардың күн тәртібі тек теориямен шектелмей, заман талабына сай ең өзекті тақырыптарды қамтыды. «Білім берудің жаңа парадигмасы: құндылық, сапа және даму» тақырыбындағы пленарлық отырыста «Qazaq Digital Mektebi» жобасы мен цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу мәселелері қызу талқыланды. Жиынның екінші бөлімінде қатысушылар төрт секцияға бөлініп, әлеуметтік тәуекелдермен күрес: балалардың гаджеттерге тәуелділігі мен лудоманияның алдын алу; Цифрлық сауаттылық: оқу үдерісінде Жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерін тиімді пайдалану; Киберқауіпсіздік: мұғалім мен оқушының виртуалды кеңістіктегі қауіпсіздік мәдениеті; Жаһандық білім: ауыл мұғалімдері мен түлектеріне арналған халықаралық бағдарламалар мен басқарудың икемді (Agile) тәсілдері бойынша маңызды бағыттар бойынша тәжірибе алмасты.
«Келешек» мектебінде өткен бұл семинар-тренинг – ауыл мектебінің жай ғана білім ордасы емес, заманауи технологиялар мен ұлттық құндылықтар тоғысқан үлкен орталыққа айнала алатынын дәлелдеді.

Жиын соңында қатысушылар ауылдық білім сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар жиынын әзірледі.

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

5 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

23 часа ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.