Мақтанышым айбарым, желбіре көк байрағым

Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Осыдан отыз жыл бұрын ата – бабаларымыз еркіндік үшін күресіп, азаттық жолында құрбан болды

Олар өздері үшін емес өскелең ұрпақтың ертеңі үшін күресті. Қаһарман қазақ батырлары ұрпағына азаттықтың ақ таңын сыйлады. Еліміз тәуелсіз мемлекет атанып, аспанмен астасқан көк байрағымыз көгімізде желбіреді. Егемен елдің еңсесі көтеріліп, мәртебесі асқақтады. Сол себепті осы жылғы мәдени – көпшілік іс – шаралардың барлығы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналып отыр. Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында аудан орталығынан бой көтерген Ту тұғырының ашылу салтанаты болды.

Аудан әкімі Шота Оспанов аудан жұртшылығын наурыз мейрамымен құттықтады. Елдіктің нышанына айналған көк байрағымыздың зерделі тарихына тоқталды. Ту тұғыры орнатылған алаңның екі жағындағы жастар саябағын бірге қосып, “Тәуелсіздік алаңы” деп атау жөніндегі ұсынысын айтты. Тәуелсіздіктің төл құрдастары Әнұранымыздың әуенімен көк байрағымызды биікке көтерді.

Сонымен қатар, “гендерлік саясаттың жүзеге асуына, қайырымдылық шаралардың ұйытқысы бола білгені үшін” жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ләззат Зейнекинаға, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сәуле Дүйсеноваға облыс әкімінің “Құрмет грамотасын” табыс етті. Ауданымыздың “Құрметті азаматы” Тыныштық Әбжамалов елге тілегін арнап, “Тәуелсіздік” сөзі қасиетті ұғым екенін тілге тиек етті. Мектеп оқушылары көк байрағымыздың құрметіне арналған жыр – жолдарын оқыды. Патриоттық әндер шырқалды. Қостанай облысы бойынша ең биік Ту біздің аудан орталығында орналасқан. Биіктігі 25 метр. Бұл біздің береке –  бірлігіміз бен ынтымақтастығымыздың негізі деп білгеніміз абзал.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.