Биыл мұнда сафлор алқабы 30 пайызға артты

Жангелдин ауданында биыл 42,7 мың гектар жерге егін егілді. Шаруалар майлы дақылдарға басымдық беріп, сафлор алқабын бір жылда 30 пайызға ұлғайтқан. Қазір ауданда орақ науқаны қызу жүріп жатыр.

2026 жылы Жангелдин ауданындағы 17 шаруа қожалығы мен 3 ЖШС жалпы 42 745 гектар жерге егін еккен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 пайызға көп.

Егіс құрылымында биыл бірқатар өзгеріс бар. Бидай 22 417,4 гектарға егілді. Былтыр оның көлемі 26 755 гектар болған. Арпа алқабы да азайып, 983 гектарды құрады. 2025 жылы арпа 3 190 гектарға егілген еді.

Ал біржылдық және көпжылдық шөптердің көлемі керісінше бірнеше есеге артты. Биыл бұл дақылдар 1 009 гектарға егілсе, былтыр небәрі 200 гектар болған.

Ең жоғары өсім сафлордан байқалады. Биыл ауданда 18 336 гектарға сафлор егілген. Бұл өткен жылғы 14 029 гектармен салыстырғанда 30 пайызға көп.

«Биылғы жылы егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға өсіп отыр. Әсіресе сафлорға сұраныс жоғары. Майлы дақылдардың көлемін арттыру арқылы шаруалар егіс құрылымын әртараптандырып отыр. Қазір негізгі міндет – орақ жұмыстарын уақытында аяқтап, жиналған өнімді ысырапсыз сақтау», – деді Жангелдин ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Елнұр Иманғалиев.

20,8 мың гектар астық жиналды

Ауданда күзгі егін ору жұмыстары 5 тамызда басталған.

Бүгінге дейін 20,8 мың гектар, яғни дәнді дақылдардың 88 пайызы жиналды. Орташа түсім гектарына 5,6 центнерден айналып отыр. Жалпы алынған өнім көлемі 12,3 мың тоннаға жетті.

Жиын-терім жұмыстары жалғасып жатыр.
Қысқа 131,7 мың тонна мал азығы дайын

Шаруалар қыстату науқанына да дайындықты аяқтаған.

2026-2027 жылдардағы мал қыстату кезеңіне 131,7 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланып, жоспар толығымен орындалды. Оның ішінде шаруа қожалықтары 79 мың тонна, жеке тұрғындар 52,7 мың тонна шөп дайындаған.

Қазір дайындалған мал азығын тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал күзгі егін ору науқанына ауданға 829 тонна жанармай бөлінген. Бір литр жанармайдың бағасы 305 теңге болып бекітілген. Шаруа қожалықтары келісімшарт жасап, қажетті отынды алып жатыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер аталған ауданның ауыл шаруашылық бөлімінен алынды

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

4 часа ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

4 дня ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

5 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

6 дней ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.