Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы – болашаққа аманат» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Биыл аудан мектептерінде 2021 оқушы жаңа оқу жылын бастады. Алғашқы қоңырау мерекесіне мектеп ұжымдары, оқушылар, ата-аналар, мекеме басшылары мен аудандық білім бөлімінің мамандары қатысты.
Жангелдин ауданы әкімі Дінмұханбет Бидашев пен Жангелдин ауданы білім бөлімінің басшысы Абай Қасым аудан орталығындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысты.
Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, 19 мемлекеттік мектепте 2021 оқушы білім алған. Білім сапасы 62 пайызға жетіп, алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда өскен. Сонымен қатар Ұлттық бірыңғай тестілеудің аудан бойынша орташа көрсеткіші 64,6 балды құраған. Сегіз түлек 100 балдан жоғары нәтиже көрсеткен. Оқушылардың республикалық және облыстық деңгейдегі білім сайыстарындағы көрсеткіші де аталып өтті. Ауданның 14 оқушысы республикалық білім байқауларында жүлдеге ие болса, облыстық пән олимпиадалары мен зияткерлік сайыстарда 69 жүлделі нәтиже тіркелген. Жетістіктер арасында тарих, физика, математика және химия пәндері бойынша жүлдегерлердің шығуы ерекше атап өтілді.
Спорт бағытында да көрсеткіш бар. Білім бөлімінің дерегінше, аудан оқушыларының 77,5 пайызы спортпен жүйелі түрде айналысады. Олар облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып жүр.
Білім күніне орай аудан мектептерінде Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған сынып сағаттары да ұйымдастырылды. Оқушыларға Ата Заңның маңызы, азаматтық жауапкершілік, Отанға деген құрмет және ел болашағына үлес қосу туралы түсіндірілді.
Салтанатты жиындарда мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ақжолтай тілектер айтылып, мектеп бітіруші түлектерге білім алуға, жаңа оқу жылын нәтижелі өткізуге шақырылды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер Жангелдин ауданы білім бөлімінен алынды
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.