Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту барысында, жұмыс кестесі қашықтық режиміне көшіп, оқырмандарды қабылдауды уақытша тоқтатты
Бірақ, карантин режимі оқырман мен кітапхананың байланысын үзген жоқ. Кітапханашылар өз оқырмандарын жоғалтпай онлайн қызмет көрсетіп, қашықтан жұмыс істеудің бірнеше тәсілін меңгергендерін айтуға болады. Қазіргі уақытта “Zoom” платформасында өтетін және де басқа онлайн форматта жобалар мен шаралар іске асырылуда. “Faceebok”, “Instagram”, “YouTube”, “ВКонтакте”, “Одноклассники” әлеуметтік желілерін пайдаландық.
Әрине, көзбе-көз жүздесу жасай алмағандықтан, жаңа формалар мен әдістер қажет болды. Оларды қысқа мерзімде игеруге тура келді. Ақпараттық және ұсынымдық жарияланымдар, акциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тікелей эфирлер, викториналардың барлығы ықшамдалды десек те болады. Олардың орнына онлайн іс-шаралар яғни, бейне шолулар, виртуалды көрмелер, библио-фреш, роликтер, онлайн-викториналар, онлайн кездесулер тағы басқалар орын басты.
Кітапханаларға бейімделу, қайта топтасу және жұмыстарын тез қалпына келтіру қажет болды. Біздің кітапхана карантин кезеңінде, барлық қызметкерлер бұл тапсырманы толығымен орындады. 2020 жылы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша оффлайн іс-шаралар саны – 115, оған қатысқандар – 1208. Онлайн іс-шаралар саны – 142, оны қараушылар саны – 31449. Ал, 2021 жылдың осы уақытына дейін оффлайн іс-шаралар саны – 112, оған қатысқандар саны – 1231. Онлайн іс-шаралар саны – 79 болса, оны – 34366 әлеуметтік желі пайдаланушылары қарады.
Барлық қиындықтарға қарамастан, кітапхана қызметкерлері өз оқырмандары үшін қысқа мерзімде цифрлық қызметтерді ұйымдастыра білді. Әрине, карантин кезінде абдырап қалдық деп айта алмаймын. Кітапханашылар оқырмандарға кіруге тыйым салынған кезеңдерде де бос отырмады. Өткен жылы келушілердің саны – 45760 болса, 2021 жылдың осы уақытқа дейінгі бұл көрсеткіш – 5192. Міне, карантиндік шектеулердің біз күтпеген жаңалығы деп айтуға болады.
Әмірхан АҒЫТАЕВ,
Аудандық кітапхананың қызметкері
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.