Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің дарынды өнерпаздары жүлделі болды

Бәріміз  білететіндей  өнер  ордасының шәкірттері  облыстық, республикалық  байқаулардың  жеңімпаздары

Талантты оқушылар, ауданның  намысын  қорғап, атын асқақтатып  жүр  десек артық болмас. Талай  шәкіртті  тәрбиелеп, қанат қақтырған   мектептері  түлектері ауданымыздың мақтанышы. Олар бүгінгі күні  шет елде  білімдерін жалғастырып  жатыр. Ал, кей бірі оқуларын  тәмамдап елге  қызмет жасауда. Осыдан-ақ,  өнер  мектебінің  ұстаздарының қандай екенін  аңғара  аласыз.   Өнер  мектебі  көп  жылдардан  бері  оқушыларды  бейнелеу  өнері,  вокалдық  қабілеттерін  шыңдау,  домбыра,  би  сынды  түрлі  үйірмелермен  баулып  келеді.

Солардың  қатарына  кейін  қосылған,   мектеп кітапханашысы  Ғалия  Шененованың  ұйымдастыруымен  кітапхана оқырмандарынан құралған  “Сиқырлы театр”  драмалық  ұжымы  жұмыс  жасауда.  Өнерлі, дарынды  балалардың  актерлік  шеберліктерін  шыңдау  мақсатында  құрылған  театр көрермен  көз айымына  айналыпта  үлгерді. Республикалық,  облыстық  байқауларда  жүлделі  орындарды  иеленіп  жүр.

Биылғы  карантиндік  шараларға  байланысты,  көптеген  шектеулер  қойылып,  байқаулардың  барлығы  онлайн  форматта өткізілуде. Сондай  байқаулардың  бірі Қостанай облысы білім  баксқармасының ұйымдастыруымен  3 жылда  бір  рет  өткізіліп отыратын  “Армандастар” облыстық  балалар  шығармашылық  фестивалі.  Биылғы  жылғы өткізілген   фестивальге  өнер  мектебінің “Еркеназ” би ансамбілі мен  “ Сиқырлы  театр” драмалық  ұжымы  қатысып, бақ  сынаған  болатын. “Ерке наз”  би ансамблі “Заманауи биді үздік орындау” номинациясын  жеңіп алды. Драмалық ұжым Ы.Алтынсариннің 180 жылдық  мерейтойына  орай,    “Алғашқы қоңырау” атты  қойылымды сахналады. Актерлік  шеберліктерінің,  әдемі қойылымның,   арқасында тағы да  әділ-қазылардың  көңілінен  шықты. Жүлделі  бірінші орынды  жеңіп  алды. Айта кету керек,  драмалық  ұйымның құрамындағы  Әулетбек  Жүсіп “Актерлік бейнені  үздік іске асыру” номинациясын иеленген.  Үлкен еңбек пен  ізденістің  нәтижесі жетістікке  жетуге  себеп  болды. Осы орайда  Ғалия  Кенжебайқызының  еңбегін  атап  өтпеске болмайды.

Мектеп кітапханашысы оқушыларын қызықтыру мақсатында ұйымдастырған  шағын  қойылымдар,  жеңіске жетеледі. Бір  қойылымды  шығармас бұрын  алдын ала жазылған  сценариге,  әр түрлі  қиялымдағы  ойын  ұштастырып,  балалардың  тілімен  жазып,  жеңіл  әрі  өтімді  етіп  шығаруға өте бейім. Алдағы  уақытта  әлі де  көптеген  қойылымдар  көрермендермен қауышады  деген  сенімдеміз.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

16 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.