Қазақтың қара домбырасының шанағына күмбірлеген күй төгілді

 Күмбірлеген күй – өмірдің нұры, көңілдің ажары

19 наурыз – «Жаңару күні» Жангелдин ауданының өнерпаздары жаңа серпінмен ерекшеленді. «Жаңару күні» барша адамзат баласын ортақ мақсаттарға және ынтымаққа жету жолына үндейтін күн.

Бақыт пен ынтымақты өнерден тапқан торғайлықтардың есімдері тарих беттеріне алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Себебі, бүгін жұдырықтай жұмылған бірліктерінің дәлелі ретінде «Аспаптар үні» аясында 150 домбырашы екі күйді лезде орындады. Білім ордасының қара шаңырағына айналған, бір жарым ғасырдан астам тарихы бар Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің концерт залында бас қосқан аудан өнерпаздары айтулы мерекеге жаңаша серпін берді. Жангелдин ауданының «Құрметті азаматы», удандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов мерекеге байланысты құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін біздің аудан үшін ерекше күн. Себебі, 150 домбырашы бір арнада тоғысып, қазақтың қасиетті қара домбырасының шанағынан күмібірлеген күй төкті. Бізде арқалынып отырдық. Қазақ халқы қашанда ұлттық аспаптарды дәріптеген. Әр қазақтың төріндекем дегенде бір домбыра ілулі тұру керек. «Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп ата – бабаларымыз тегіннен тегін айтпаған. Сондықтан ұлттық құндылығымызды қастерлеуіміз керек. Баршаңызды бүгінгі «Жаңару күні» мерекесімен шын жүреткен құттықтаймын. Өнерлеріңіз өрлей берсін», – деді ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Алдағы шілде айында өтетін «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне арналған дайындықтың бастамасы деп қабылдағанымыз жөн. Биыл аталған мереке күні 500 домбырашы бірмезетте 7 күй орындайтын болады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.