Қызбел ауылдық округіне қарасты Саға ауылында Алаштың көрнекті қайраткері М.Дулатовтың ескерткіші қайта жаңарды
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» жобасы аясында сол ауылдың тумасы Мұхамедқали Рахалиев туған жерге тарту жасады. Қостанай облысы аумағына танымал, бірнеше ұлттық ескерткіштер композициясының авторы, мүсінші Міржақып бабамыздың “тақия киіп тұрған келбетін” жасауды ұйғарған. Ескерткіш бетоны қолөнер шеберінің меншікті шеберханасында құйылған. Бас аяғы үш айдың ішінде бюсті жасап шығып, қажетті материалдарды өз қаражатына сатып алған. Қазақтың көрнекті ағартушысын тастұрғысына қондырып, ел алғысына бөленді.
– Бұл менің туған жерге деген перзенттік борышым. Қазіргі таңда әр ауылдық жерлерде ел перзенттері туған жерлерінің гүлденіп, көркеюіне атсалысып жатқанын әлеуметтік желілерден көп оқыдым. Сол себепті менде өзімнің туған жеріме үлесімді қоссам деп шештім. Қазақ елінің азаттығы үшін жанын құрбан еткен Міржақып бабамының мүсінін жасау мен үшін үлкен бақыт, – дейді мүсінші.
Бұл қолөнер шеберінің алғашқы туындысы емес. Осыған дейін 1993 жылғы түлектердің өтініші бойынша «қыран бүркіттін» еңселі бейнесін жасап берген болатын.
Гүлжан БӨЛЕГЕН
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.