Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне қайта кірісті

Әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан ардагерлерінің қатысуымен өткен жиынға аудан әкімі Шота Оспанов төрағалық жасады

Жиынға арнайы республикалық ардагерлер орталығының жауапты хатшысы Бейбіт Оспанов мен Қостанай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов және оның орынбасары Ғалым Жүзбаев қатысты.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов 2020 жылы атқарылған жұмыстарын баяндады. “Жангелдин ауданының құрметті азаматы”, еңбек ардагері Тыныштық Әбжамалов жарыссөзге шығып, ойын ашық жеткізді. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасап, жаңашылдыққа бет бұру керектігін айтты. Күн тәртібіндегі басты мәселе бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығына Қарсақбай Бірмағанбетұлының кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдау тауып, қызметіне қайта сайланды. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Тойғанбол Нұрханов ардегерлер кеңесінің жанынан құрылған алқа мүшелерімен таныстырды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Мықансалықұлы облыс көлемінде атқарылған жұмыстарына және алдағы ауқымды шараларға кеңінен тоқталды. Облыстық ардагерлер үйінің ұйымдастыруымен карантиндік талаптарды сақтай отырып, бірқатар іс – шаралар өткен. Жалпы, облыс бойынша 136 477 зейнеткер бар екен. Оның 100 916 зейнеткері ардагерлер үйінің есебіне тіркелген. Ал, Ұлы Отан сығысының ардагерлерінен  61 адам ғана қалған. Еңбек ұжымы мен оқу орындарында 327 бастауыш ұйымдар бар. Барлық ұсыныстар мен ескертулер бақылауға алынып, соғыс және еңбек ардагерлерінің тұрғын  – үй тұрмыстық жағдайлары үнемі назарда.

Облыс, аудан, қалалардың экономикалық дамуына үлес қосып жүрген қарияларға пайыздық мөлшерде сыйақылар беріліп, мерекелік медальдармен 6000 –ға жуық адам марапатталған. 7 мыңнан астам ардагерлерге әлеуметтік төлемдер төленген. Қаржылай көмектің сыртында жалғыз басты қарт кісілердің жағдайларын жасап, жеңілдетілген бағамен мал азығымен және қысқы отынмен қамту күн тәртібінен еш түспеген. Жыл сайын жоспарлы түрде санаториялық – курорттарға жіберіліп отырады. Осылайша, сөзін қорытындылап, аудандық ардагерлер кеңесінің қызметіне сәттілік тіледі.

Аудан басшысы Шота Сәбитбекұлы елге келген меймандарға алғыс білдіріп, айтылған мәселелер оң шешімін табатынына сенім білдірді.

                                           Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.