Ақерке Жанмұрат Chevrolet Nexia автокөлігіне ие болды

Assyltas қоғамдық қоры ұйымдастырған «100 өлең» республикалық байқауында, Торғай жерінің тумасы, жерлесіміз Ақерке Жанмұрат жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, Chevrolet Nexia автокөлігіне ие болды

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған «100 өлең» республикалық байқауына 467 үміткер қатысу үшін өтініш білдірген. Карантиндік талаптарға байланысты іріктеу кезеңі «Zoom» платформасы арқылы өткен. Осылардың ішінен 25 үміткер ақтық сайысқа жолдама алған.

Байқауға ақын, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ұлықпан Есдәулетов және ақын, журналист, айтыс өнерінің жанашыры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманов төрелік жасады. Қазылар алқасының мүшелері 100 өлеңнің ішінен бір жолын оқып, қатысушылар мүдірмей жалғастыру байқау шартында негізделген. Осы орайда, Ақерке Жанмұратқызы байқаудың барлық талаптарын орындап, жүзден жүйрік атанды. Бұл республикалық байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы жылы телевизиялық жобаға айналдыруды көздеп отыр.

Ақерке Жанмұратқызы қазіргі таңда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде журналистика мамандығы бойынша 4 курс студенті. Мектеп қабырғасында жүргенде облыстық, республикалық пән олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Халықаралық пән олимпиадаларының ХХI ғасыр көшбасшысы сайыстарының жүлдегері. Республикалық «Абай мен Шәкәрім» оқуларының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Жетістікке жету үшін жеңісті емес, алдымен ізденісті мақсат тұтсаң алар асуың көп болады. Республикалық байқау жеңімпазының басты ұстамы осы.

Гүлжан БӨЛЕГЕН

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданында жастарға жұмыс пен бизнес бастауға мүмкіндік жасалып жатыр

Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…

20 часов ago

«Орталық – Батыс» жолының құрылысы қашан қайта жанданады?

Қостанай облысында тұрғындар «Орталық – Батыс» автожолының Торғай – Ырғыз учаскесінің құрылысына қатысты сұрақ қойды.…

2 дня ago

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

3 дня ago

Торғай тарихын кім жақсы біледі?

Қостанайда зияткерлік квиздің жеңімпаздары анықталды (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.