Жарқын бейнесі жадымызда

Жангелдин ауданы әкімдігі мен аудандық мәслихаты марқұм Жанатай Қайралаповтың отбасына, балалары мен ағайын – туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Артында қалған жанұясына қайырлы берекелі ғұмыр берсін. Марқұмның алдынан жарылқап, жаны жәнатта, орны жұмақта болсын.

Жанатай Қайралапұлы 1954 жылы 28 қаңтарда Қошалақ қонысында дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын Шилі ауылынан бастаған. Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектебінде қызмет жасап, алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берді. Бір салада ұзақ жылдар қызмет етіп, 2017 жылы зейнеткерлікке шықты. Жұбайы Бақытжамал апай екеуі екі бала тәрбиелеп, өсірді. Үлкенге іні, кішіге аға бола білді. Үнемі қасындағыларға қамқорлықпен қарап, кең пейілдігін танытты. Ауылдық ағайындардың басын біріктіріп, игілікті шаралардың бел ортасында жүрді. Туған жердің өркендеп дамуына үлесін қосты. “Туған жер” бағдарламасы бойынша Шилі ауылдық округінде көптеген істер атқарылды.

Оған мұрындық болған осы кісі еді. “WhatsApp”  желісі арқылы ел перзенттерінің басын қосып, ауылды гүлдендіру мақсатында үндеу жариялады. Жақсы істің ұйытқысы болды. Жиналған қаржы мақсатты жұмыстарға жұмсап, ел перзенттерін жұмылдырды. Әр істің басы – қасында жүріп, өз қадағалауына алды. Нәтижесінде ауылдың тамырына қан жүгірді. Көшелерге сән кірді. Өкініштісі өмірден ерте озды. Ауылды гүлдендіру үшін көптеген жоспарлы бар еді…  Артында елдің игілігі үшін  деп жасаған жақсылықтары мен қолтаңбасы қалды. “Жақсының жақсылығын айту” әрбір адамзаттың парызы. Ауылды жерлерде дәл осындай игілікті істің ұйытқысы болатын ұйымдастыушысы болса сөзсіз ел марқайып, ауыл гүлденер еді. Марқұм Жанатай ағамыздан үлгі алып, ел азаматтары  қалған ісін жалғастырса деген ұсыныстамыз.

“Біздің Торғай”

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.