Ауру дерт – сырқат індет

Ауырып ем іздегенше – ауырмаудың жолын табайық

“COVID – 19”  әлем елдерін жайлаған індетке айналды. Атынан ат үркетін індеттің екінші толқыны басталды. Басында ауру жоқ деген алдамшы сөздің жетегіне еріп, сенімсіздіктің сергелдең сезіміне шырмалдық. Бұл жәй әшейін тұмаудың бір түрі деп қысқа тоннан етек іздедік. Басымыз айналып, балтырымыз сыздағанда дәрігерлердің көмегіне жүгінбей үйден өзімізше  ем – дом жасадық. Айналып келгенде ақ халатылардың алдына баруға тура келді. Дертке шипа іздедік. Аты өшкір ауруға шалдығып, айыққан адамдардың пікірін тыңдадық. Айтарлары көп. Сенбеске амалымыз қалмады. Шілде айының бас кезінде аудандық ауруханаға бардым. Сол жерде Ақкөл ауылының тұрғыны, “Бауыржан” шаруа қожалығының жетекшісі Нұрқожа Ерназаровты көрдім. Өңі бозарып, көзі қызарып, дем жетпей әрең тыныстап отыр екен. Әңгімеге тартайын деп оқталған едім сөйлеуге шамасы келмейтін дәрменде отырғанын аңғардым. Кейін осы кісі дертінен айығыпты деген хабар алдым. “Сабақты ине сәтімен” деген осы өткен аптада редакциямызға келді. Орайы келген істі тындырып, біраз әңгімелестік.  Адам ағзасына кереғар болған жұқпалы дерттің  әсерін айтты.

“Бас кезінде тұмау шығар деген оймен елемей жүре бердім. Бірақ, жаз айында қайдан қаңғып жүрген тұмау деп күдікті ойға қалдым. Күн өткен сайын кеудемді қысып, дем жетпей алқына бастадым. Ауылдық дәрігерге барып едім, аудандық ауруханаға тез арада баруыңыз керек деп кеңес берді. Көп ұзамай орталық ауруханаға келдім. Дем жетпегені былай тұрсын екі аяғым бастырмай бойымнан әлім кете бастады. Мұрынмен емес ауызбен демалатын күйге жеттім. Дәрігерлер бұл жұқпалы індеттің алғашқы белгілері деді. Артынша, сараптама қорытындысы келгенде короновирус дертіне шалдыққанымды естіртті. Сөздің шыны керек өмір мен өлімнің ортасында жаттым. Бұл індет жанымды алмай тыңбайды деген ойлар мазалады. Жалғыз  амал ауруға берілмей күресу  ғана боды. Аудандық аурухананың бас дәрігері  Қуат Әлмағамбетов, бас дәрігердің орынбасарының міндетін атқарушы Шалқар Болатұлы  қажетті ем – шараларын қолдарынан келгенше жасады. Жасанды тыныстандыру құрылғысында қолданды. Екі апта орталық аурухана да жатып ем алдым. Дерттің беті қайтпағасын Арқалық қалалық ауруханасына жіберді. Онда үш апта емделіп, азда болса ауруымнан айықтым”, – деді Нұрқожа Сүндетбайұлы.

Медицина саласының мамандарының айтуына қарағанда  короновирус індеті 1 жыл бойы адам бойында жүреді екен. Адам ағзасының әлсіреген тұсын пайдаланып, дертке шалдықтырады. Бұған көз жеткізу үшін компютерлік томография арқылы  анықтауға болады. Сондықтан бойымызда жұқпалы індеттің  белгісі бар деп үрей тудырмай, оны жеңудің жолын іздеген абзал.

Байбатыр  АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

17 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.