Торғайлықтар Маликаны біледі ме?

Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының жеңімпазы

Өткен аптада аудандық ішкі саясат бөлімі онлайн режимінде “Zoom” платформасы арқылы  Малика Мұхтаровамен сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында Малика  өмірбаянымен таныстырып, жинақтаған мол тәжірибесімен бөлісті. Жоғары жетістіктерге қалай жеткенін, өнер жолындағы қызықты сәттерін айтып берді. Қатысушылардың қойылған сауалдарына жауап берді.

Ол арбада отырып билеуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлемдік би өнерінен  екі дүркін қола медаль иегері. Азия чемпионатына қатысып, Қазақстанның абыройын асқақтатып, бірінші орынды жеңіп алған өнерлі аруымыз. Қостанай облысының жастарының алтын кітабының жүлдегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасының және “Жан Шуақ” қорының лауреаты. Ол 7 жасында мүмкіндігі шектеулі жандардың “Үміт-Надежда” қоғамдық бірлестігінің құрамына кірген. Арбаға танылған ару би өнерімен шұғылдануды жанына серік етті. Көп ізденіспен, тынымсыз жаттығулардың арқасында жетістіктерге жетіп, байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Осыдан бес жыл бұрын Малика спорт және бал билері бойынша Қостанай облысының бес дүркін чемпионы атанды. Халықаралық жарыстардың жеңімпазы болды. Санкт-Петербургке, Әлем кубогына, құрлықтар кубогында бақ сынап, жеңіспен оралды. Би өнерін жан – тәнімен сүйеді. Оның спортқа деген табандылығы, қажырлы қайраты еш мұқалмаған. Осының арқасында Азия чемпионатында екі мәрте алтын медальді қанжығасына байлады. Небәрі 16 – 17 жасында абсолютті Қазақстан чемпионы, мүгедектер арбасындағы спорттық би “Франкфурт” кубогының 4 алтын кубог иегері атанып, облысымыздың мақтанышына айналды. Малика 2000 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. 8 жасында ән айту өнеріне деген құлшынысы артқан. Кейіпкеріміздің жеткен жетістіктерін жіпке тізсек, том – томдық кітап болары сөзсіз. Қалың оқырман Малика жайында толық ақпарат білгісі келсе, “Қазақстанның 100 жаңа есімі” деп әлеуметтік желіден оқуға болады.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.