Жангелдин ауданы әкімдігі мен аудандық мәслихаты марқұм Жанатай Қайралаповтың отбасына, балалары мен ағайын – туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Артында қалған жанұясына қайырлы берекелі ғұмыр берсін. Марқұмның алдынан жарылқап, жаны жәнатта, орны жұмақта болсын.
Жанатай Қайралапұлы 1954 жылы 28 қаңтарда Қошалақ қонысында дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын Шилі ауылынан бастаған. Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектебінде қызмет жасап, алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берді. Бір салада ұзақ жылдар қызмет етіп, 2017 жылы зейнеткерлікке шықты. Жұбайы Бақытжамал апай екеуі екі бала тәрбиелеп, өсірді. Үлкенге іні, кішіге аға бола білді. Үнемі қасындағыларға қамқорлықпен қарап, кең пейілдігін танытты. Ауылдық ағайындардың басын біріктіріп, игілікті шаралардың бел ортасында жүрді. Туған жердің өркендеп дамуына үлесін қосты. “Туған жер” бағдарламасы бойынша Шилі ауылдық округінде көптеген істер атқарылды.
Оған мұрындық болған осы кісі еді. “WhatsApp” желісі арқылы ел перзенттерінің басын қосып, ауылды гүлдендіру мақсатында үндеу жариялады. Жақсы істің ұйытқысы болды. Жиналған қаржы мақсатты жұмыстарға жұмсап, ел перзенттерін жұмылдырды. Әр істің басы – қасында жүріп, өз қадағалауына алды. Нәтижесінде ауылдың тамырына қан жүгірді. Көшелерге сән кірді. Өкініштісі өмірден ерте озды. Ауылды гүлдендіру үшін көптеген жоспарлы бар еді… Артында елдің игілігі үшін деп жасаған жақсылықтары мен қолтаңбасы қалды. “Жақсының жақсылығын айту” әрбір адамзаттың парызы. Ауылды жерлерде дәл осындай игілікті істің ұйытқысы болатын ұйымдастыушысы болса сөзсіз ел марқайып, ауыл гүлденер еді. Марқұм Жанатай ағамыздан үлгі алып, ел азаматтары қалған ісін жалғастырса деген ұсыныстамыз.
“Біздің Торғай”
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.