Жарайсың, Наргиз
Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Бақыт Наргиз Дәуренқызы Алматы қаласында тоғызқұмалақтан өткен VII Азия чемпионатында (ересектер, жасөспірімдер U-14 және жастар U-19) II орын иеленіп, Қостанай облысының намысын абыроймен қорғап келді.
«Бұл жарыс – ой шапшаңдығын, логикалық ой – өрісті дамытуға және ұлттық мұрамызды дәріптеуге бағытталған. Менің жүлдегер атануым – үлкен еңбек пен талпыныстың нәтижесі. Ұстазым Қайрат Айтмағанбетовке алғысым шексіз. Осындай биік белестерді бағындырума себепкер болған ұстазымның арқасы деп білемін. Тоғызқұмалақ – ата-бабамыздан қалған зерделі зияткерлік ойын. Осындай ойын арқылы әлемдік жарыстарда топ жаруым – ұлттық құндылықтарымыздың өміршеңдігі. Әлі талай асулардан асып, еліміздің абыройын көтеремін деген сенім мол», – дейді жеңімпаз.
Наргиз Дәуренқызы бұған дейін республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып, ел мерейін үстем етті. Болашағы жарқын, сенімі мол, ізденіспен, талпынысты серік еткен жас спортшы әлі талай әлемдік ареналарда жеңімпаз болады деген үміттеміз.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша назар аударып келеді. (далее…)
Мәдина Серікбол олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі 3 орынды иеленді (далее…)
Мәдина Серікбол олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі 3 орынды иеленді (далее…)
Цифрландыру ауыл шаруашылығы саласына да дендеп еніп келеді. (далее…)
Цифрландыру ауыл шаруашылығы саласына да дендеп еніп келеді. (далее…)
Торғай ауылында 2026 жылғы 8-9 қаңтарда студенттердің демалысын тиімді пайдалану мақсатында шағын футболдан аудандық ашық…
This website uses cookies.