Үш күн бойы іздестірілген азамат қарлы боранда далада түнеген.
Жангелдин ауданына қарасты Саға ауылы маңындағы Алтынсары қонысы жанында орналасқан «Арғын» шаруа қожалығының басшысы Қанатбек Бірмановқа қонаққа келген Қостанай қаласының тұрғыны Серік Мұрзахметов 2026 жылдың 6 наурыз күні таңғы сағат 09:00 шамасында қар көлігімен жылқы іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Сол күні кешке «Арғын» шаруа қожалығының басшысы телефон арқылы Жангелдин аудандық полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөліміне хабар берген. Осыдан кейін аудандық полиция бөлімінің басшылығы жедел топ құрып, жоғалған азаматты іздестіру жұмыстарын дереу бастаған.
Екі күн бойы іздеу жұмыстары Наурызым ауданына қарасты Мереке, жаңа Қайғы және ескі Қайғы аумақтарында жүргізілді. Қар аралас боран салдарынан жүрген адамның және қар көлігінің ізін анықтау іздеу тобына айтарлықтай қиындық туғызған.
Үшінші күні полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде Серік Нұрқайдарұлы Мұрзахметов Наурызым ауданына қарасты Қыземшек тауының етегінен шамамен 3 шақырым қашықтықта табылды. Белгілі болғандай, оның қар көлігі сынып қалған. Азамат екі күн бойы қардан уақытша үйшік жасап, түнеп шыққан.
«Арғын» шаруа қожалығының басшысы Қанатбек Бірманов іздеу жұмыстарына қатысқан полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.