Торғай өңірі: цифрлық инфрақұрылым мәселесі қалай шешілуде?

Биыл Милісайға байланыс желісі тартылады.

Қостанай облысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселесі облыс басшылығының ерекше назарында. Облыс әкімдігінде өткен жиында цифрлық инфрақұрылымды дамыту, ауылдарды сапалы мобильді байланыс пен интернетпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды. Жиында Цифрландыру басқармасының басшысы Азамат Кашиев атқарылып жатқан жобалар туралы баяндады.

Облыста цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында 300 ауылда байланыс желілерін салу жоспарланып отыр. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жоба алдағы жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, оған шамамен 20 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген.
Алғашқы кезеңде байланыс желілері Арқалық қаласына қарасты Көктай ауылында, Амангелді ауданындағы Жалдамa ауылында, Әулиекөл ауданындағы Москалев ауылында, Жангелдин ауданындағы Милісай ауылында және Сарыкөл ауданындағы Тағыл ауылында жүргізілмек.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан әкімдеріне заманауи спутниктік шешімдерді, соның ішінде Starlink технологиясын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, туристік нысандарға және шалғай елді мекендердегі әлеуметтік нысандарға кеңінен енгізуді тапсырды. Әсіресе, интернет жылдамдығы төмен ауылдардағы медициналық пункттер мен ветеринарлық бекеттерді сапалы байланыспен қамтуға басымдық берілмек.

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар Жангелдин ауданында да жүзеге асуда. Соның бір мысалы – Саға ауылында байланыс станциясының орнатылуы. Нәтижесінде ауыл тұрғындары тұрақты мобильді байланыс пен интернет желісіне қол жеткізді.

Саға ауылының тұрғыны, кәсіпкер Амангелді Қожахметовтің айтуынша, бұл ауыл өміріне айтарлықтай өзгеріс әкелген.

– Осы уақытқа дейін күнделікті өмірімізде үлкен кедергі болып келген байланыс мәселесі шешілді. Ауылымызға сапалы интернет пен ұялы байланыс орнатылды. Енді мемлекеттік бағдарламалар мен субсидияларға өтінім беру үшін аудан орталығына бармай-ақ, барлық шаруаны онлайн түрде бітіре аламыз, – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, интернеттің пайдасы мал шаруашылығында да байқалып отыр. Қазір жылқыларға GPS құрылғылары орнатылып, олардың қозғалысын мобильді қосымша арқылы бақылауға мүмкіндік туған. Сонымен қатар «Төрт түлік» қосымшасы арқылы ветеринарлық мәліметтерді енгізу де қолжетімді болған.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.