Апат айтып келмейді
Қараша айының ауа – райы құбылмалы болып тұр. Бір күн қар аралас жаңбыр жауып, келесі күні температура минусқа төмендеп, суық болады. Енді бірде күн жылып, жауған қар, қабыршықтанып қатқан көл бетіндегі мұз еріп жатыр. Көкшемұз уақытында өзен көлге бару өте қауіпті. Қабыршық мұздың үстімен өтем деп өміріңізге қауіп төндіруіңіз әбден мүмкін. Әсіресе, ойын балалары сырғанақ тебеміз деп барып, абайсызда мұз ойылып кетсе, күлкімізді тия алмай қаламыз. Осыған орай төтенше жағдайлар бөлімінің қыметкерлері, полиция бөлімінің өкілдері және жастар ресурстық орталығының ұжымымен бірлесіп, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Олар әрбір үйде аралап, жадынама қағаздарын таратып, сақтық шараларын қамтуды ескертуде. Сонымен қатар, өзен, көлдердің жағалауына барып, балық аулап жүрген тұрғындарға ескертпелер жасады.
«Күн суытып, аяз басталған уақытта су айдындары мұз болып қата бастайды. Бұл кезең – сырғанақ тебетін балалар мен қармақ салатын балықшылар үшін қауіпті. Тіпті бір жағадан екінші жағаға әрлі-берлі төтелеп жүретін жүргіншілердің, мұз ойылып кетіп, суға кететін жағдайлары жиі болады. Сондықтан қауіпсіздік шараларын қамту үшін рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сақтықта қорлық жоқ. Өмірімізге қауіп төндірмеу өз қолымызда. Кәмелет жасқа толмаған балаларға ата – аналары қатаң ескерту жасау керек. Балаларды үнемі назарға алып отырған жөн», – дейді төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері.
Қауіпсіздікті сақтау өз қолымызда. Әсіресе, балаларға назар аудару керек. Демалыс күндері мал кезекке баратын оқушыларға сақтық шараларын қатаң ескертіп, қадағалау керек.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Қостанай облысы әкімдігінде өткен әлеуметтік-экономикалық дамудың тоғыз айлық қорытындысына арналған жиында өңір экономикасының өсімі мен…
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
This website uses cookies.