Жанкелдин ауданының мемлекеттік қызметкерлері облыстық спартакиада ойындарынан жеңіспен оралды

Жерлестеріміз жеңіске жетті

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан Қостанай облысының әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметкерлерінің арасындағы облыстық спартакиада биылда өз жалғасын тапты.

Бұл айтулы байрақты бәсеке, маусым айына дейін жалғасып, өзара үздік командаларды анықтайтын болады. Қостанай қаласында волейболдан жарыс өтті. Оған аудан мен қалалардан барлығы 21 құрама команда қатысты.

Біздің жерлестеріміз Федоровка, Қамысты, Денисов, Ұзынкөл, Қарасу, Б.Майлин аудандарының командаларын ойсырата жеңіп, жүлделі бірінші орынды иеленді. Осы орайда, жергілікті кадрлар мен жұмыс және заң бөлімінің бас маманы Бекзат Нүрпейісовтың еңбегін ескере кеткен жөн. Аудандағы мемлекеттік қызметте абыройлы жұмыс істеп жатқан жастардың басын қосып, арнайы команда жасақтап, олардың дайындығына баса көңіл бөлді. Жұмыс уақытанан кейін дене – шынықтыру және спорт кешеніне жиналып, дайындалуға ықпалы жасады. Жастарды жігерлендіріп, үміт отын жақты. Нәтижесінде, жеңіс туын желбіретіп, ауданымыздың намысын қорғап қайтты.

«Спартакиаданың басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, корпоративтік рухты нығайту. Спорттық жарыстар арқылы билік өкілдері мемлекеттік қызметтің беделін арттыруды, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға жағдай жасауды, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара байланысты күшейтуді көздейді. Биыл жарыстар төрт жерде Қостанай, Лисаков, Тобыл қалалары мен Әулиекөл ауданында өтуде. Бағдарламада тоғыз спорт түрі қамтылған. Атап айтқанда, мини-футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, қазақ күресі, арқан тарту және 3х3 баскетбол спорт түрлерін қамтиды», – дейді ұйымдастырушылар.

Ұйымдастырушылар спартакиада – жай ғана жарыс емес, ведомстволар арасындағы байланысты нығайтатын және ішкі командалық әлеуетті арттыратын алаң. Мұндай іс-шаралар қоғамға үлгі бола алатын белсенді, жауапты әрі дені сау мемлекеттік қызметкерлер қауымдастығын қалыптастыратындығын тілге тиек етті.

Жеңімпаздар арнайы кубог және дипломдар табысталды.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

This website uses cookies.