Жанкелдин ауданында шабындық және жайылымдық жерлер өңделуде

Әзірге шегірткеден қауіп жоқ дейді мамандар

Өткен жылы шегіртке қаптап кетіп, шаруа қожалықтары мен қарапайым халық дабыл қаққан еді. Тіпті бітік шығып келе жатқан егінді де жермен жексен қылған жәндіктер ақ қардай борап, ең даланың берекесін кетірген еді. Ол уақытта жергілікті жердің мамандары уақытылы алдын – алу шараларын жасаған. Бірақ, белгісіз себептермен Ақтөбе мен Ырғыз шекарасынан біздің жерге кіріп, әбден әлек салды. Сондықтан өткен жылдан сабақ алу керектігін аудан әкімі күнделікті кезекті лездеме де ескертіп, нақты тасырмалар беріп отырады.

Жалпы, облыс көлемінде оның ішінде аудандар бойынша жер көлемі үлкен Жанкелдин ауданы. Шабындық пен жайылым жерлер жеткілікті. Осы жерлерді мақсаттты, мақсатсыз пайдаланып отырған шаруа қожалықтары бар. Меншіктеріне алған жерлеріне мал бақпайды, не өзгенін малын кіргізбейді. Соның салдарынан жер азып, шегірке қаптап, киік таптап, рәсуасын шығарады. Көктем айынан білек сыбанып кіріскен аудандық аумақтық инспекциясының қызметкерлері, қазіргі таңда шегірткелер ұя салатын жерлерді анықтап, тиісті жұмыстарын бастап кетті.

«Биыл шегіртке былтырғыдан аз болады деген ойдамыз. Себебі, зерттелген 7,800 гектар жерден зиянкестер көп байқалмайды. Итальяндық прустың таралған жер аумағы былтырғы жылға қарағанда аса қауіп жоқ. Бүгінгі күнге дейін 1,350 гектар жерді өңдеп, зиянкестерді уладық. Жерүсті бүрүккіш және жерүсті штангалық техникалардың көмегімен қажетті жұмыстарды жасадық. Шеген ауылы мен Жаркөл және Шилі ауылдық округтертеріне тиесі жерлерді өңдеп, алдын – алдық. Алдағы уақытта қосымша күш жұмылдырып, тағы да зиянкестер бар жерлерді анықтайтын боламыз», – деді аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ерболат Зарыпбаев.

Зиянкестер жұмыртқа салған жерлердің барлығын өңдеп, улаған мамандары әзірге олардан төнер еш қауіп жоқ деген болжам айтады. Қалай болғанда да қамсыз отырмаған абзал. Биыл жер бетіне қаулап шыққан көк шөптер зиянкестердің көптеп келуіне себепші болуы тиіс.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.