Жанкелдин ауданында Міржақып атамыздың құрметіне арналған тарихи тойын дайындығы аяқталуға жақын

Ел перзенттері бас көтерді

Алаш зиялысы, ақын – жазушы, аудармашы, қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық тарихи тойы кең көлемде өтеді.
Тойдың өтетін уақыты да нақты белгіленді. Көптеген мәдени іс – шаралар аудан орталығында болады. Алғашқы күні сырттан келген меймандар Бидайық ауылындағы Міржақып атамыздың кесенесіне тағзым жасап, мұражайындағы құнды жәдігерлермен таныса алады. Одан кейін сол ауылда ас беріліп, бабалар рухына құран бағышталады. Ал аудан орталығында ат жарыс, күрес және республикалық ақындар айтысы өтеді. Сондай – ақ, мерекелік шаралар жалғасын табады. Біздің елдің азаматтары тағы да бір мәрте мәрттіктерін танытып жатыр. Айбат Қабажаев пен Айбат Әбдір сыртта жүрген ел азаматтарына үндеу жасап, демеушілікке шақырды. Болар б іске олаттай бекініп, жұмыла кірісетін ел тумалары бірауыздан қолдады. Әр жылғы тумалар қаржы жинады. Елдегі шаруа қожалықтары бір – бір жылқыдан демеуші болды.

«Біздің елдің азаматтары қашанда жомарт келеді. Әр сәтте жұдырықтай жұмылып, іске кіріседі. Жуырда өтетін Міржақып атамыздың 140 жылдығына орай торғайлықтар бас көтерді. Қаржылай және жылқы малынан демеушілік жасады, жиналған қаржы мен жылқы ұлттық спортымыздың жүлдесіне тігіледі. «Ұлы аламан», «Аламан бәйге», «Құнан бәйге», «Алтын тай» бәйгесі өтеді. «Ат шабар» алаңында демеушілердің қаржысына істелді. Бас бірліктерін танытқан ел азаматтарына шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Айбат Қабажаева.

Сонымен қатар, жерлесіміз, Парламент мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев республикалық ақындар айтысына отбасының атынан жеңіл автокөлігін жүлдеге тігеді.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Торғайдағы Ақкөл ауылы Наурызды бұрынғының салтымен қарсы алды

Киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды (далее…)

8 часов ago

Ауылдан – сахнаға: Торғайдан өркен жайған талант

Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)

5 дней ago

Торғай төріндегі үлгілі әулет

Ұрпаққа өнеге болған Қабден Ерәділовтің еңбекке толы өмірі. (далее…)

6 дней ago

Торғайдың Ақкөлі табиғи әлеуеті зор ауылда туризм дамымай отыр

Жанкелдин ауданының шалғайындағы Ақкөл ауылы – табиғи ресурстарға бай, алайда сол байлықты толық пайдалана алмай…

2 недели ago

Торғай даласында жоғалған Қостанай тұрғыны боранда аман қалды

Үш күн бойы іздестірілген азамат қарлы боранда далада түнеген. (далее…)

2 недели ago

Торғайда жабық хоккей корты пайдалануға берілді

Ауылда қысқы спортқа жаңа мүмкіндік. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.