Жанкелдин ауданында мектеп түлеткері бас қосып, балалық шаққа саяхат жасады

Бұл шараға аудан абыройын асқақтатып, өнер, білім, кәсіп салаларында табысқа жеткен «алтын ұя» түлектері қатысып, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушыларымен жүздесті

Шараға өз саласында биік нәтижелерге жеткен түлектер — Алмас Сейілхан, Фариза Бүркітбайқызы, Мирас Әбдікәрім,Сымбат Ерік, Арайлым Талап, Жәмилә Сәрсекеева қатысып, оқушылармен шынайы әңгіме өрбітті.

Олар өмір жолындағы алғашқы қадамдар, кездескен қиындықтар мен жеткен жетістіктері жайлы бөлісіп, 11-сыныптарға жүрек жылытқан ақыл-кеңестерін айтты. Әрқайсының сөзі оқушыларға шабыт болып, үлкен арманға жетелер сенім сыйлады.

Мектеп тәрбие ісінің маманы Алуа Мұхамедиярова да сөз алып, түлектеріне деген ризашылығын білдіріп. «Біздің шәкірттеріміздің биік белестерді бағындырып жүруі — мектеп еңбегінің нәтижесі ғана емес, олардың өз табандылығы мен еңбекқорлығының көрінісі», — деп ізгі тілегін арнады.

Кештің рухын арттырған — мектеп психологы Гүлнар Мағауова ұйымдастырған тренинг. Қызықты ойындар мен белсенді жаттығулар арқылы оқушылардың ұйымшылдығы мен сенімділігі артып, залда ерекше атмосфера орнады. Шараны Есекева Айгерім жүргізіп, кештің мазмұнын да, көркін де аша түсті. Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі — Мирас Әбдікәрім мен Фариза Бүркітбайқызының орындаған дуэті болды.

Олардың орындауы кештің сәнін келтіріп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жалпы, бұл кездесу 11 сыныптар үшін үлкен өмірлік бағыт-бағдар берген, алдағы межеге жігерлендірген, жүрекке жылы, тағылымы мол шара ретінде есте қалды.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Торғайдың Ақкөлі табиғи әлеуеті зор ауылда туризм дамымай отыр

Жанкелдин ауданының шалғайындағы Ақкөл ауылы – табиғи ресурстарға бай, алайда сол байлықты толық пайдалана алмай…

14 часов ago

Торғай даласында жоғалған Қостанай тұрғыны боранда аман қалды

Үш күн бойы іздестірілген азамат қарлы боранда далада түнеген. (далее…)

2 дня ago

Возвращенные активы ускорили стройку водопровода в Шили Джангельдинского района

Если заглянуть на портал государственных закупок, проект все еще может значиться в списках «незавершенных», однако…

2 дня ago

«Қыздарым – менің гүлдерім»

Төрт қыздың әкесі 8 наурызды ерекше қарсы алады. (далее…)

3 дня ago

This website uses cookies.