Жанкелдин ауданы, Тәуіш ауылының тұрғындары ауызсу мәселесі бойынша шу көтерді

Судың да сұрауы бар…Су таратын қондырғы істен шыққалы біраз уақыт болды. Мердігердің салғырттығынан ба? Әлде жергілікті билік тарапынан қадағалау жоқ па?
Тәуіш ауылының тұрғындары әлеуметтік желі арқылы дабыл қақты. «Бір аптадан асты, күні бүгіннге дейін ауызсуға зар болып отырмыз. Су қондырғысында әлі іске қосқан жоқ. Жергілікті билік қайда қарап отыр. Халықты неге сумен қамтамасыз етпейді», – деп шу көтерді.
Бұл мәселенің анығын білу үшін аудан әкімінің орынбасары Рауыл Қосқоловқа хабарластық.

«Коммуналдық кәсіпорынның су таситын көлігін Тәуіш ауылына екі рет жібердік. Яғни, сейсенбі, сәрсенбі күні. Екі рет барған да 16 тонна су апарады. Ал, ол ауылда 100 жуық үй бар. Әрқайссы 150 литрден алса артығымен жетеді. Бірақ, ауыл тұрғындары жарты тонналық ыдысқа су құйдырып алады екен. Сол себепті басқа үйлерге жетпей қалған. Ауылға су тарататын су қондырғысына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұрын суды ауыл іргесінен тартқан болатын. Ал қазір Торғай өзенінен тартып жатыр. Ол аралық 12 шақырым болады. Сол себепті кешігіп жатыр», – дейді аудан әкімінің орынбасары.

Сол күні тағы бір рет су құятын көлікті жіберді. Артынша бізде бардық. Шет жақ беттегі үш үйге су жетпей қалған екен. Кейбір тұрғындар сиымдылығы 200 литр болатын бөшкеге су құйдырып алып, «біреу үйде тұрған бұзаулары ма, біреуі кір жууға, біреуі ішуге» деп нақты айтады екен. Басқа адамдар бір шелек суға зар болып отырғанда бұл ақылға қонар ма екен?
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

This website uses cookies.