Облыстық кезеңге жолдамаАудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан “Мерейлі отбасы-2025” байқауының жеңімпаздары анықталды.
“Жүрегімнің дүрсілі Торғай” жобасының қорытынды сәтінде аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов құттықтау сөз сөйлеп, орталық алаңда байқау жеңімпаздарын жариялап, отбасыларды марапаттады.
“Бүгін” Мерейлі отбасы” аудандық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Бұл отбасылар аудан өңірінің әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Өнер, спорт, білім саласының ілгерлеуіне өзіндік үлестерін қосып жүр. Барлығыңызды аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың атынан шын жүректен құттықтаймын”,- деді.
Сонымен қатар, “Үлгілі отбасы” номинациясын иеленген шегендік Хамзиндер отбасы мен Шилі ауылының тұрғындары Деріпсалиндерді, “Өнегелі отбасы” сыйлығын иеленген Тәуіш ауылының тұрғыны Қарпықовтар мен ақкөлдік Қонқабаевтар отбасын марапаттады. Бұл отбасылар 20 000 теңге ақшалай сыйлыққа қол жеткізді.
3 орынды сужарғандық Айсағалиевтер отбасы иеленді 30 000 теңге ақшалай сыйлығымен. 2 орынды торғайлық Ахметбектер отбасы иемденді. 50 000 теңге ақшалай сыйлық. 1 орынды Ғабырақовтар отбасы жеңіп алды. 100 000 теңге ақшалай сыйлықтың иегері атанды.
Ахметбек пен Ғабдырақовтар отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.