16 жыл бойы күткен жеңіс
Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз, Шилі ауылының тумасы Нүрәділ Алжан бағы жанып, чемпион атанды.
Ол дзюдо күресінен бақ сынап, қарсыластарын тізе бүктіріп, байрақты бәсекеде жеңімпаз болды. 60 кг салмақ дәрежесінде белдесіп, ақтық бәсекеде жеіңс тұғырына көтерілді. 2008 жылдан кейнінгі жеңіс қостанайлықтарға қуаныш сыйлады. Араға 16 жыл уақыт салып, дзюдо күресінің тарихына жаңа есім енді.
«Осыдан 16 жыл бұрын 90 кг салмақта дзюдо күресінен Мұрат Кинтонов чемпион болған еді. Енді міне жаңа есіммен таримыз жаңаланды. Торғай тарихындағы спорт майталмандары әлемдік бәсекелерде талай белестерді бағындырып келеді. Соның бір айғағы әлем чемпионы атанған Шерхан Есболат пен Нүрәділ Алжан. Бұған дейін Сағындық Әшім ел мерейін асқақтатып, әлемдік аренада жеңіске жетті. Әлі талай Торғай жерінен әлем чемпионы шығады деген сенімдемін», – дейді спорт мектебінің басшысы Қызылбай Әділбеков.
Қазіргі уақытта Нүрәділ Алжан Қостанай аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер болып қызмет істейді. Сондай – ақ, дзюдо күресінің жаттықтырушысы. Қостанай облысының аға жаттықтырушысы Абай Сарыбаев, Данияр Қарпықов және Нүрәділдің бапкері Александр Плетнев сынды спорт майталмандарының арқасында жоғары дәрежеге жетіп отырған жас спортшылардың болашағы әлі алды. Алар асу, бағындырар белестері көп.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
Қазақтың ұлттық ойындары – бай қазыналардың бірі (далее…)
Елге қызмет – перзенттік борыш (далее…)
Апат айтып келмейді (далее…)
This website uses cookies.