Жанкелдин ауданы, Торғай жерінің перзенті ел үмітін ақтап, әлемге танылды

16 жасында әлем чемпионы атанды

Еліміздің көк туын әлемдік аренада желбіретіп, қазақ халқына мақтанышына айналған Шерхан Есболат белбеу күресінен жасөспірімдер арасында тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 60 кг салмақ дәрежесінде бозкілемде белдесіп, барлық қарсыластарын тізе бүктірген 16 жасар жерлесіміз алтын медаль иеленді.

«Менің алға қойған мақсаттарым көп. Осы әлемдік чемпионатта елімнің үмітін ақтап, биік белесті бағындырамын деп алдыма мақсат қойдым. Әлем чемпионы атану үшін Қырғызстаннан келген қарсыласымды және екінші айналымда ресейлік балуанды жеңдім. Ақтық сында Өзбекстанның балуанымен белдесіп, әлем чемпионы атандым. Қазақстанның көк туын көгіме көтердім. Бұл мен үшін зор бақыт. Осындай дәрежеге жетуіме себепкер болған жаттықтырушым Талғат Сабыржанұлына айтар алғысым шексіз. Сонымен қатар, өзімнің туған жерім Торғай халқына ризашылығымды жеткіземін. Әлеуметтік желі арқылы мені құттықтап, жігерлендірді. Байрақты бәсекеге аттанғанда жерлестерім тілекші болды. Киелі Торғай жерінде туғанымды мақтан тұтамын», – дейді әлем чемпионы Шерхан Русланұлы.

Әлемнің 36 елінен келген спортшылар ішінен топжарып, әлем чемпионы болған Шерханның жеңісі қазақ спортының биік шыңда екенін көрсетіп отыр. Әлем чемпионы болу үшін ең алдымен еңбекқорлық, қайсарлық, табандылық керек. Осы қасиеттер Шерханның бойынан табуға болады.

Бала күнінен қазақ күресімен айналысып келеді. Алғаш жаттығуды жергілікті балалар жасөспірімдер спорт мектебінен бастады. Сол уақытта аудандық, облыстық жарыстарда ел намысын қорғап жүлделі оралды. Кейін Қостанай қаласындағы Қостанай әлеуметтік – техникалық колледжіне оқуға түсіп,қазақ күресі мен дзюдо және белбеу күресін Заречный ауылында жалғастырды. Аға жаттықтырушы Талғат Кеңесовтың шәкірті болды. Сол уақыттан бастап, қазақ күресінің, дзюдоның және белбеу күресінің бірнеше дүркін республикалық жарыстарының жеңімпазы атанды. Қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері болды.

«Шерханның бұл жеңісі – жас спортшының талмай еңбектенгенінің, ерік-жігерінің және ұлттық рухының көрінісі. Оның әлемдік аренадағы жеңісі қазақ халқының дәстүрлі күресі мен намысының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Жас чемпионның жеңісті жолы жасөспірімдер арасында да спорттық рухты нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін жастардың үлгісі болары сөзсіз», – дейді жаттықтырушысы.

Шерхан Русланұлы әлі талай белестерді бағындырып, ұлттық спортымыздың абыройын арттырып, ел сенімін ақтайды деген мол сенімдеміз.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Суретті: Әлем чемпионының парақшасынан алынды

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

2 дня ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

7 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.