Жангелдин ауданында ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тағы бір маңызды нысан өз жұмысын бастады.
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Милісай ауылында жаңа ауылдық өрт сөндіру бекеті ашылды.
Аталған бастама шалғай елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейтуге, төтенше жағдайлардың алдын алуға және тұрғындарға шұғыл көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің негізгі міндеті – Милісай ауылы мен Шилі ауылдық округіне қарасты елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сондай-ақ өрт оқиғалары орын алған жағдайда оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жаудың таралуына жол бермеу және оның салдарын азайту көзделген.
Бекет қажетті өрт сөндіру техникасымен жабдықталған. Мұнда екі қызметкер мен бір өрт сөндіру техникасы тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге және тұрғындарға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Жангелдин ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Мұқатовтың айтуынша, ауылдық жерлерде өрт сөндіру бекеттерінің ашылуы – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам.
«Ауылдық елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Өрт оқиғасы орын алған жағдайда уақытылы әрекет ету адам өмірі мен мүлкін сақтап қалуда ерекше маңызға ие. Жаңа бекеттің іске қосылуы Милісай ауылы мен Шилі ауылдық округіне қарасты елді мекендерде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – өрттің алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау және кез келген төтенше жағдайға дайын болу», – деді Нұрсұлтан Мұқатов.
Ауылдық жерлерде мұндай бекеттердің ашылуы – тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Себебі елді мекендерде өрт оқиғасы орын алған кезде уақыттың әр минуты шешуші рөл атқарады. Жергілікті жерде тұрақты кезекшілік ұйымдастыру өрт сөндіру қызметінің оқиға орнына жету уақытын қысқартуға ықпал етеді.
Жаңа бекеттің іске қосылуы Милысай ауылы мен оған қарасты елді мекендердің тұрғындары үшін қауіпсіздік деңгейін арттырып, төтенше жағдайларға дайындықты нығайта түспек.
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясындағы бұл бастама – ауыл тұрғындарының өмірі мен мүлкін қорғауға, елді мекендердегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді жолдаған – Жангелдин ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
Денисов ауданында жастарды жұмыспен қамту деңгейі артқан. (далее…)
Название, которое переводится как «Голос степи», точно отражающее суть: простор Родной земли, уважение к традициям…
Жангелдин ауданының экономикасында ауыл шаруашылығы жетекші орын алады. (далее…)
Жангелдин ауданында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүйелі…
Туған жердің табиғатын түлетуге бағытталған игі бастамаға Құрылтай депутаттары қолдау білдіріп, аудан тұрғындары жаппай атсалысты.…
«Таза Қазақстан» жұмыстары жалғасуда. (далее…)
This website uses cookies.