Жангелдин ауданындағы Торғай, Тәуіш, Сужарған, Көкалат, Аралбай ауылдарына және Ақшығанақ, Қалам – Қарасу ауылдық округтеріндегі әкімдік ғимараттарына сенсорлық экрандық пернетақтасы бар терминалдар орнатылды
Енді ауылдық ағайындар барлық төлемдерді осы посттерминал арқылы төлейтін болады. Бұған дейін ауыл тұрғындары қандай да бір төлем жасау үшін аудан орталығына келіп, қазпошта бөлімшесінде кезек күтіп тұратын. Технология дамыған заманда ол қиындықтарды ұмытатын болдық. Осы терминал арқылы пайдаланушылар қажетті қызметтердің толық спектрін ала алады. Сондай – ақ, мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдардың ақпараттық ресурстарына жеңіл қол жеткізуге мүмкіндік бар.
– «Қазақтелеком», «eQoldau» қоғамдық қол жеткізу нүктесін іске қосылды. Ауыл тұрғындары сол арқылы салықтарды, коммуналдық қызметтер мен айыппұлдарды төлеп, өтініштер беріп, анықтамалар ауына мүмкіндік зор. Сонымен қатар, дәрігерлердің қабылдауына жазылып, балабақшаға кезекке тұрып, телекоммуникация қызметтеріне өтінімдер рәсімдеуге және басқа да түрлі қызмет түрлеріне әп-сәтте қол жеткізе алады. Қоғамдық қол жеткізу нүктелері арқылы ауыл тұрғындары шетелге шығуға тыйым салынбағанын және өздерінің зейнетақы шоттарының жағдайын тексере алады. Өз аттарына тіркелген жылжымайтын мүлік туралы анықтама және телемедицина қызметтеріне қол жеткізуге оңтайлы. Пошта қызметтеріне және курьерлік жеткізілімдерге тапсырыс беріп, маркетплейстер арқылы түрлі тауарларды және де теміржол мен авиа билеттерін онлайн сатып алуға да болады, – дейді қазақтелеком басшысының орынбасары Әсет Қайырбекұлы.
«eQoldau» терминалы Wi-Fi сигналын таратады екен. Оның көмегімен жергілікті тұрғындар «мультикассаны» басқа адам пайдаланып жатқанда өздерінің гаджеттерінде тегін интернетті пайдалануларына болады. Ал ең бастысы – осы терминалдар арқылы ауыл тұрғындары өз үй қожалығын интернетке қосуға тапсырыс мүмкіндігі бар.
Гүлжан БӨЛЕГЕН
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
Қостанай облысы әкімдігінде өткен әлеуметтік-экономикалық дамудың тоғыз айлық қорытындысына арналған жиында өңір экономикасының өсімі мен…
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
This website uses cookies.