Жангелдин ауданы әкімінің кубогы үшін волейболдан аймақтық жарыс өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген спорттық шараға мықты командалар қатысты

Жарыстың ашылу от салтанатында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Ел Тәуелсіздігің 30 жылдығына орай ауданымызда көптеген мәдени шаралар өтуде. Соның бірі өздеріңіз куә болып отырған волейболдан аймақтық жарыс. Күні кеше облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ауданымызға жұмыс барысымен келіп, салтанатты түрде лентасын қиған “Дене шынықтыру – сауықтыру спорт кешені” пайдалануға беріліп, алғаш рет аймақтық жарыс өтіп жатыр. Ел игілігі үшін салынған спорт кешені жастарымыздың спортпен шұғылдануына тиімді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жас ұрпақтың бүгінгі еншісі. Сондықтан байрақты бәсекеде бақтарыңыз жанып, жүлделі болуларыңызға тілекшімін, – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, Торғай жерінің тумасы, Б.Майлин ауданының тұрғыны, спорт ардагері Едіге Искаков жас спортшыларға тілегін арнады.Аймақтық жарысқа Нұр-Сұлтан, Арқалық, Қостанай қаласынан және Жангелді мен Амангелді аудандарынан келген 8 команда аудан әкімнің кубогын сарапқа салады.

Спорт сүйер қауымның делебесін қыздырып, екі күн бойы волейболдан тартысты әрі қызықты ойын көрсеткен командалар сайысы мәреге жетті. Аудан әкімнің кубогын Қостанай қаласынан келген “Уссо” командасы жеңіп алды. 2 орынды Жангелдин ауданының командасы иеленді. 3 орынды Арқалық мемлекеттік педогогикалық институтының құрама командасы місе тұтты. 4 орынға Нұр-Сұлтан қаласының командасы табан тіреді. 5 орын Арқалық командасының еншісіне бұйырды. 6 орынды “Жігер” командасы иемденді. 7 орынды Торғай командасы қанағат тұтты. 8 орын Амангелді ауданының командасына бұйырды. Сондай-ақ, әр команда мүшелері “Үздік ойыншы”, “Үздік шабуылшы”, “Үздік үйлестіруші”, “Үздік тосқауыл қоюшы”, “Жеңіске деген жігері үшін” номинацияларымен марапатталды. Жүлдегерлерге аудан әкімі Шота Оспанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин, спорт ардагері Едіге Искаков 100 000, 60 000, 40 000 теңгенің сертификаттарын тапсырды. Басқа спорт ардагерлері арнайы номинацияларды табыс етті.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

4 часа ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

6 часов ago

Жангелдин ауданының мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмысы сынға алынды

Қостанай облысы әкімдігінде өткен әлеуметтік-экономикалық дамудың тоғыз айлық қорытындысына арналған жиында өңір экономикасының өсімі мен…

1 день ago

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

3 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

6 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.