Бұл суретке сыртынан қарасаңыз жәй ғана ағаш үй. Ал, оның зерделі тарихына үңілсеңіз, ғасырға бергісіз құнды деректер бар
Кешегі аласапыран заманда қаймана қазақтың қамы үшін басын өлімге тіккен, Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы осыдан 117 жыл бұрын бала оқытқан көне мектеп. Бұны бірі білсе, бірі біле бермейді. Іргетасының беріктігі соншалық, төрт қабырғасы сыр бермеген сол қалпында. Тарихи деректерге сүйенсек, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ақтерек ауылында орналасқан.
Бүгінде көне ғимарат ауылдық кеңсе мен кітапханаға және шағын орталыққа айналған. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырғандықтан, сыртқы келбеті аздап өзгерген сынайлы. Келер жылы Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы.
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, жыл басынан бері Үкімет тарапынан жүйелі жұмыстар талқыланып, жалпыреспубликалық жоспар әзірленіп жатқаны да белгілі. Қазақ елінің шамшырағы, ұлттың ұлғатты ұстазы Ахмет атамызға лайықты құрмет көрсету баршамыздың парызымыз. Елдікке бастайтын құнды деректерін жарыққа шығаруға, оны өз дәрежесінде насихаттауға бүгінгі аға буын және өскелең ұрпақ өкілдері міндетті. Мәселен, Торғай жерінің тумалары “Ахмет атамыздың мерейтойы “Жетім қыздың” тойындай болмаса екен” деп әлеуметтік желілерге жарыса жазып жатыр. Үкіметтің құлағына алтын сырға. Құптарлық маңызды ұсыныс. Себебі, ұлтымыздың рухани ұстазы қазақ халқының келешегіне алаңдап, сол кездегі сұрқия саясатқа тосқауыл болды.
Ұрпағына еркіндік пен азаттық сыйлады.Сондықтан бір күн емес, мың күн рухына тағзым жасасақ артықшылығы болмайды. Былтырғы жылы “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасы бойынша ауданымызда 8 жоба мақұлданды. Оған республикалық және облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлінгендігін жергілікті газетке жарияладық. Ауқымды жобалдардың бірі Ақкөл мен Ахаң ауылының арасын жалғайтын көпірдің құрылыс жұмыстары басталғандығын айтып, сүйінші сұрадық. Ұлт көсемінің мерейтойына қарсы жасалынып жатқан игілікті шараның басы деп жорамалдадық. Шалғайдағы ауыл тұрғындарының ендігі тілегі жол мәселесі.
Сондай – ақ, Сарытүбек жеріндегі Ахмет атаның үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуін қалайды. Қазақ еліне ортақ тұлғаның ескерткіш тұғыры сол жерге де салынса деген ойлары да өтімді. Осының барлығы түптеп келгенде қаражат мәселесіне тіреледі. Үміт уақыт еншісінде. Мерейтойдың шарапаты тиіп, елдің арман – тілегі жүзеге ассын дейміз…
Байбатыр АХМЕТБЕК
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.