Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің театр әртістері гастролдік сапармен шығып, ауыл, ауылдық округтерді аралады
Олар қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатовтың “Балқия” драмасын сахналап, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. 1922 жылы жарық көрген драмада өзінің бас бостандығы үшін күрескен қыздың тағдыры жайлы жазылған. Зейін қойып қарасаңыздар “Бақытсыз Жамал” романының екінші бөлімі іспетті. Мәдениет үйінің өнер ұжымы драмадағы кейіпкерлерді нақышына келтіріп сомдап, елдің алғысын арқалады.
Әсіресе, Алмас Нұрлан, Шыңғыс Сәдуақасов, Марғұлан Қасымбек, Фариза Бүркітбай нағыз таланатты актерлар екенін дәлелдеді. Карантиннің құрсауында отырған ауылдық ағайындардың көңілдері бір серпілді. Ұлттық өнерімізге сусаған өнер сүйір қауымның жүздері жадырап, рухани демалып, марқайып қалды. Сонымен қатар, “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, көпшіліктің назарына “Ауылым алтын бесігім” атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Ауыл, ауылдық округ әкімдері өнерлі ұжымның еңбегіне табыс тілеп, елдің атынан алғыстарын айтты.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.