Ауылдың өркендеп дамуына, қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүрген азаматшалар жоқ емес
Олар бала тәрбиесінен бөлек ер азаматтардың жасайтын ауыр жұмыстарын қоса атқарып, елдің ертеңі үшін маңдай терлерін төгуге әзір. Елде көпшіліктің араласуымен жұмыла көтеретін жұмыс болса, білек сыбанып, бел ортасында жүруден еш арланған емес. (Үкіметтің балаға беретін жәрдемақысын алып, қолдарына күрек ұстап, ауылдың сенбілік жұмыстарына қатысуға намыстанатын, жалқаулықтың қамытын киген кейбір ер азаматтарға көп үлгі). Ана – деген киелі есімге лайықты әйелдер қауымы қашанда еліміздің мақтанашы. Солардың бірі Ақкөл ауылының кітапханашысы Күлшат Шәмшенова. Күні кеше облыс әкімінің “Құрмет грамотасымен” наградталды. Аудан әкімі Шота Оспановтың қабылдауында болып, лайықты марапатын салтанатты түрде алды. Аудан басшысы еліміздің әлеуметтік – экономикасының ілгерлеуіне, қоғамдық жұмыстар мен саяси сайлау науқанында тынымсыз жасаған қызметі үшін алғысын білдірді.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.