Categories: Без рубрики

Тазалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады

“Елді – мекендер аумақтарына көктемдегі екі айлық санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығын өткізу туралы” аудан әкімінің қаулысы шықты

Осыған орай ауыл, ауылдық округтерде тазалық айлары басталды. Мәселен, Сужарған ауылының әкімі Берік Әубәкіров ауыл тұрғындарымен жиын өткізіп, тазалық мәселесін күн тәртібіне қойды. Бірауыздан қолдаған ауылдық ағайындар жұмыла іске кірісті.

Жылдағы әдетінше Қайрат Сәтмағанбетов өзінің жекеменшік тракторына зіл темірді тіркеп, көшерелерді тегістеп шықты. Ал, ауыл тұрғындары  үй – жайларының ауласына сенбілік жұмыстарын жүргізді. Арқалық қаласының тұрғыны, осы елдің тумасы Асылан Қойбағарұлы камаз автокөлігімен тұрғындардың баға келісімі бойынша күл – қоқыстарын шығарып берді. Аудандық коммуналдық шаруашылық кәсіпорынның техникасымен арнайы қоқыс төгетін орынды қалыпқа келтіріп алды.

Ауыл әкімі аталған мекеме ұжымына және Асылан Едіресовке ауыл тұрғындарының атынан алғысын білдірді. Айтпақшы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты тазалық айлығында “Таза көше”, “Таза аула”,  акциясы ұйымдастырлып отыр. Тазалық акциясында белсенділік танытқандар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

3 дня ago

This website uses cookies.