“Елді – мекендер аумақтарына көктемдегі екі айлық санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығын өткізу туралы” аудан әкімінің қаулысы шықты
Осыған орай ауыл, ауылдық округтерде тазалық айлары басталды. Мәселен, Сужарған ауылының әкімі Берік Әубәкіров ауыл тұрғындарымен жиын өткізіп, тазалық мәселесін күн тәртібіне қойды. Бірауыздан қолдаған ауылдық ағайындар жұмыла іске кірісті.
Жылдағы әдетінше Қайрат Сәтмағанбетов өзінің жекеменшік тракторына зіл темірді тіркеп, көшерелерді тегістеп шықты. Ал, ауыл тұрғындары үй – жайларының ауласына сенбілік жұмыстарын жүргізді. Арқалық қаласының тұрғыны, осы елдің тумасы Асылан Қойбағарұлы камаз автокөлігімен тұрғындардың баға келісімі бойынша күл – қоқыстарын шығарып берді. Аудандық коммуналдық шаруашылық кәсіпорынның техникасымен арнайы қоқыс төгетін орынды қалыпқа келтіріп алды.
Ауыл әкімі аталған мекеме ұжымына және Асылан Едіресовке ауыл тұрғындарының атынан алғысын білдірді. Айтпақшы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты тазалық айлығында “Таза көше”, “Таза аула”, акциясы ұйымдастырлып отыр. Тазалық акциясында белсенділік танытқандар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.