Түлектер түлеткен мектеп

Ғасырдан астам тарихы бар білім ордасы

Бұл жыл санап жаңарып, жасарып, алыстан көз тартып, мен мұндалап тұрған Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектеп. Өткен тарихқа зер салсақ, 1917 жылы іргетасы қаланған. Алғашқы атауы “Бостандық” мектебі болған.

“1917 жылы патша үкіметі құлағаннан кейін Үшқарасу деген жерден, Қазіргі Шилі деп аталатын елді – мекеннен ақсақалдардың ұйғарымы бойынша Бостандық мектебі салынды”, – деп жазылған Әлмұхамбет Оспанұлының қолжазбасында. Арада 60 жыл өткеннен кейін мектепке көрнекті қазақ қалмгері, мемлекет және қоғам қайраткері Қайнекей Жармағанбетовтың есімі берілді. Мектеп ішінен көрнекті тұлғаның мұражайы ашылды. Қазіргі таңда 55 оқушы білім алады. Біліктіліктері жоғары 19 мұғалім сапалы білім қағидатын ұстанған. Сондай – ақ, бір мультимедиялық және үш интерактивтік кабинет бар. Мектеп заманауи технологиямен  толықтай  жабдықталған. Оқушылардың жан – жақты білім алуына мүмкіндік мол. Жыл сайын мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізіліп отырады. Осы мектептен дәріс алған аға буын, орта буын өкілдері қолдарынан келгенше демеушілік жасап, қолқабыстарын тигізіп тұрады. Биыл 1963 жылы туған азамат – азаматшалар бас бірліктерін көрсетіп, 500 мың теңге қаражат жинаған. Өзара ақылдаса келіп, білім ордасының қара шаңырағына айналған мектептің кіре беріс қақпасын салып берді. Ал, 1978 жылы туған мектеп түлектері 400 мың теңгеге Қ.Жармағанбетовтың ескерткішін мектеп алдына орналастырды. Астына биіктігі 1,70 сантиметр болатын ескертіш тұғырын тұрғызды. Жан – жағына (брусчатка) қырлы кеспе тастар төседі. Білім нәрін сіңірген алтын ұя мектептеріне құрмет көрсеткендіктері шәкірттік парыз бен азамттық борыштары деп білеміз. Мектеп түлектері тек осымен ғана шектелмей ауылдың да көркейуіне үлестерін қосып жатыр. Шалғай жатқан елді мекенде де “Туған жерге тағзым” бағдарламасы жүзеге асуда. Былтырғы жылы 1962 жылы туған ел перзенттері балалар ойын алаңын салып, қажетті элементтермен жабдықтады. Ауылды жерде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 1977 жылғы азаматтардың демеушілігімен спорт алаңы бой көтерді. 1981 жылғылар ауыл атын айшықтап жазды. Ағалардың дәстүрлі үрдісін сабақтастырып, самаладай көше жарықтарын орнатып берген 1986 жылы туған жас буын өкілдеріне ел ризашылығын білдірді.

Әрбір қазақ баласының жүрегінде жатталған қасиетті бой тұмардай ұғым бар. Ол әрине туған жер. Адамның патриоттық сезімінің нысаны мен қайнар көзі туған жері. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін- бүгінмен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра  алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етеді. Жарқын болашағын нұрландырады. Туған жерін қастерлеп, білімі мен еңбегін, барлық мүддесін, ел игілігіне жұмсайды. Ендеше осындай ел азаматтары көп болсын.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

17 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.