Батырлар рухына құрмет

70 – жылдардың орта кезінде салынған ескерткіш

Кезінде төрткүл дүниені дүрсілкінідіріп, астан – кестен қылған Ұлы Отан соғысы қаймана қазақ халқы үшін оңайға соқпағаны тарихтан белгілі. Ел мен жерді қорғаймыз деп шыбын жандарын шүберекке түйген бабаларымыз ерлік жолында құрбан болды. Қардай бораған оқтан, жалыны шарпыған оттан сескенбей,  Отан үшін майдан алаңында сап түзеді. Қайсарлығы қанында бар қазақ жауынгерлері фашистердің тосқауылын тасталқан етті. Берлинге басып кіріп, Рейхстагқа ту тікті. Сол уақытта Торғай жерінен аттанған майдангер бабаларымыз сұрапыл соғыста ерлік көрсетті.

1945 жылы 9 мамырда жеңіс туы желбіреді. Елге оралған майдангерлерге лайықты құрмет көрсетіліп, омыраулары ордендермен толықты. Майдан даласында қаза тапқан даңқты батырлардың рухына тағзым жасап, есімдері тасқа қашалып жазылды. Әрбір елді – мекендерде 1941 – 1945 жыл қызыл бояулармен жазылып, “Ер есімі – ел есінде” деген ескерткіштер салынды. “Жеңіс” саябақтары ашылды. Бұл артында қалып, азаттық пен еркіндіктің дәмін татқан ұрпақтарының басты парызы болатын. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен елдің ертеңіне айналған жас ұрпақ осы сабақтастықты үзбей жалғап келеді. Мәселен, Шилі ауылдық округінің тумалары, 1976 жылы туған азаматтар Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай  ескерткішті қайта қалыпқа келтірді. Алдына қырлы кеспе тастар төсеп, қоршауын темір шардақтан жасады. “Ешкімде, Ешқашан ұмытылмайды” деп жазылған мәрмәр тастан белгі қойды. 400 мың теңге қаржы жұмсады. Алдағы көктем айларында маңайына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көшет ағаштары отырғызылады. Округ әкімі Ербол Досмағанбетов қаражат көлеміне қарай сыртқы қоршауын кеңейтуді жоспарға енгізген. Газетіміздің алдағы санынан ауылдық округтың бүгінгі тыныс – тіршілігі жайлы арнайы “Аймақ” айдарынан оқитын боласыздар.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.