Тоғыз айдың қорытындысы

Биыл аудан бойынша  “Жұмыспен қамтудың жол картасы”, “Ауыл – ел бесігі”  бағдарламалары аясында бірқатар нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде аудан әкімі Шота Оспанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте,  сөйлеген сөзінде айтты.

-“Жұмыспен қамтудың жол картасы” арқылы Көлқамыс ауылын сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға 104 млн теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Ақкөл, Ахмет Байтұрсынұлы  ауылдарында су тарту жұмыстары осы жылдың желтоқсан айында аяқталады. Қалам-Қарасу, Сарысу елді мекендеріне ауызсу келер жылдың еншісінде. Ауданда көптен айтылып жүрген Ақкөл мен Ахмет Байтұрсынұлы ауылдары арасына көпір салу мәселесі де оң шешімін тапты. Оған 404 млн қазына қаржысы бөлініп, мердігер серіктестік жұмысын бастады. Шилі ауылдық округіндегі бөгетті күрделі жөндеуге бюджеттен 201 млн теңге жоспарланып, жөндеу жұмыстары басталды. Торғай ауылының инфрақұрылымын жаңартуға баса мән беріліп отыр. Осы жылы “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы шеңберінде аудан орталығындағы О.Тынымов, С.Мәуленов, Құлжановтар, Қ.Алтынсары, Кейкі батыр көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 176 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. “Нұрлы жер”  мемлекеттік бағдарламасы арқылы “Көп балалы отбасы” және “Толық емес отбасы” санаты бойынша кезекте тұрған төрт адамның өтініші мақұлданды, – деді аудан әкімі баяндама барысында.

Ауыл шаруашылық саласына да кеңінен тоқталды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың уақытылы жүзеге асып жатқандығын тілге тиек етті. Егін шаруашылығын да айналып өткен жоқ. Жиналған өнімнің пайыздық мөлшері мен индекс көлемі де ауыз толтырып айтарлықтай. Осылайша аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы “Жангелдин ауданының 2020 жылғы 9 айындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы мақсаттары” жөнінде баяндады.

Өз тілшімізден

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.