Categories: Новости

Сергелдеңге түсірген карантин

Сақтық шаралары назардан тыс қалмасын

Әлемді жайлаған індетпен күресте дәрігерлердің еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай. Бірақ, сонда да ақ халатты абзал жандардың емдеріне көнбестен, тағдырына жазғандарын көріп, өмірден кеткен жандар қаншама. Емделіп жатқандар мен жұқтырғандар санында шек бар ма?

Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап имамдарымыз бен  дін өкілдері қанша уағыз айтса да жадымызға сақтамай келеміз. Өткен жолы Қазақстан мұслмандар діни бақармасының төрағасы бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, пандемияға қатысты діни шешім шығарып, маңызды ережелер қабылдағанын тілге тиек етті.

“Аталған құжаттар ішінен “ҚМДБ-ның қауіпті жұқпалы індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуге қатысты пәтуасын” айтуға болады. Аталмыш пәтуада жаназа намазына және қабір басында барлық қатысушыларды қосқанда 10 кісіден артық жиналмауға үндедік. Халықты жинап қонақ асын өткізуді, жерлеу рәсімінен кейін ас беруді, жетісі, қырқы, жылы сияқты рәсімдерді елімізде індет жағдайы толық тұрақталғанға дейін тоқтатуға шақырдық. Имамдар осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізуде”, –  деді Бас Мүфти.

Бізді  бір жерге жинап,  ұйымшылдықпен талап сақтауға, ережені орындауға үйреткен карантинге рахмет. Бірақ біз келер жылдан, “Локдаун”, “Коронавирус”, “Карантин” сөздерін естігіміз келмейді. Сондықтан, барынша қорғанып, қатаң режимді сақтап, денсаулығымызды күтейік. “Сақ жүрсең- сау жүресің”.

Жансая СӘБИТБЕК,

А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік

университетінің журналистика

мамандығының 3 курс студенті

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.