Жангелдин ауданында Дүниежүзілік пошта күні мерекесі аталып өтілді

Үздік қызметкерлер марапатталды

1969 жылы Токиода өткен пошташылардың дүниежүзілік конгресінде 9 қазан – «Дүниежүзілік пошта күні» ресми мереке болып жарияланды. 1992 жылы 27 тамызда еліміз Бүкіләлемдік пошта одағына мүше болып кірген. Елімізде ресми мереке болып 1993 жылдан бері аталып өтіліп келеді. 32 жыл тарихта өзіндік орын алатын бұл саланың атқарып жатқан қызметі жоғары.

Аудан орталығындағы халыққа қызмет етіп тұрған почта байланыс торабы сонау 1993 жылдан бері қызмет етіп тұр. Бүгінгі күні аудан бойынша 27 қызметкер жұмыс жасайды. Қатарында білікті мамандар қызмет ететін ұжымның облыс бойынша көрсеткіші жаман емес.

Дүниежүлік пошта күні қарсаңында мекеме басшысы Жархан Сәлімжановтың бастамасымен «Жазылымшылар күні» ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты халықпен қызметкерлер арасын нығайтып, үздік байланыс қызметкерлерін сонымен қатар, үздік жазылымшыларды марапаттап құрмет көрсету. Шара барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Ерасыл Қойшыбек мерекемен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын байланыс операторы Нұрдаулет Қалдыбай мен Тәуіш ауылының пошташысы Ботагөз Баймұқановаға табыстады. Аудандық «Біздің Торғай» газетінің бас редакторы Байбатыр Ахметбек газетке жазылу науқанында белсенділік танытып, үнемі қолдау білдіріп жүрген Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің басшысы Айгүл Әбдіқапарға, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Шалабайға, аудандық ауруханының басшысы Эльмира Сәлпенқызына және қаржы саласының ардагері, аудандық газеттің тұрақты оқырманы Жұмақан Садуақасовқа алғыс хат табыстады. Шараға қатысушы қонақтарға, аудан тұрғындарына мерекелік дастархан жайылып құрмет көрсетілді.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
суретті түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.