Жанкелдин ауданы, Шеген ауылына «Талшықты – оптикалық» интернет желісі тартылуда

Ауылда байланыс жақсарады

«Қазақтелеком» Қостанай облысының ауылдарында талшықты-оптикалық желіні дамытуды жалғастыруда.Телеком-оператор талшықты-оптикалық байланыс желісін Жангелдин ауданына қарасты Шеген ауылына дейін тартуды бастады», -дейді «Қазақтелеком» АҚ коммуникациялар және брендті ілгерілету департаменті.

Шеген ауылы облыс орталығынан 560 шақырым қашықтықта орналасқан, сондықтан ауыл тұрғындары мен мемлекеттік мекемелерді заманауи байланыс құралдарымен қамтамасыз ету ерекше маңызға ие. Бұған дейін ауылға телекоммуникация қызметтері жылдамдығы 6 Мбит/с-тен аспайдтын мыс желісі арқылы ұсынылған болатын. Бұл ауыл тұрғындарына қолайсыздықтар туғызды. Жоғары жылдамдықтағы интернетке деген сұранысты ескере отырып, «Қазақтелеком» аудан орталығы Торғай ауылынан Шеген елді мекеніне дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасын қолға алды.

«Жұмыстар компания инвестициялары есебінен жүргізілуде. Жоспар бойынша биыл қазан айының соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз. Алдымен ауылдағы мемлекеттік мекемелер: мектеп, әкімдік және фельдшерлік-акушерлік бекеттіоптикаға қосамыз. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының интернет желісіне қосылу жылдамдығы 12 Мбит/с дейін артады», — деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Қостанай облыстық желіні пайдалану департаментінің директоры Сәкен Ысқақов.

Алдағы уақытта компания ауылға заманауи GPON технологиясын енгізуді жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру Торғай аудан орталығында GPON желісінің құрылысы аяқталған соң, шамамен 2026–2027 жылдары жүзеге аспақ. Бұл Шеген тұрғындарына тарифтік жоспарларына байланысты 500 Мбит/с-ке дейінгі жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген: автор

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.