Б.Хамзин атындағы өнер мектебі жыл сайын дәстүрлі түрде ХV аудандық “Таланаттарды іздейміз” атты ән байқауын ұйымдастырып келеді
Айтулы іс – шара Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, сазгер Болат Хамзаұлының туған күніне орай өтті. Мақсат, сазгердің сырлы сазды әуендерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, өнерлі балалардың санасына сіңіру. Байқауға Сарысу, Шұбалаң негізгі мектебінің және Ы.Алтынсарин, Қ.Жармағанбетов, Ғ.Қайырбеков, А.Қоңқабаев, Қ.Топаев, Амангелді жалпы білім беретін мектептерінің өнерлі оқушылары қатысып, бақтарын сынады. Ұйымдастырушылар тарапынан ешқандай кемшілік жоқ. Барлық мектептерге байқаудың ережелері мен арнайы қатынас қағаз жолдаған. Өкініштісі, бұл байқауға 11 мектептен бала қатыспаған.
Мүмкін карантиндік шектеулерді сыныққа сылтау етті ме екен. Ол әзірге бізге беймәлім. Десекте, жылына бір рет өтетін байқауға атсалысып, өнерлері балалардың есімін жалпақ жұртқа танытудан жалықпауымыз керек. Оның үстіне ән байқауы онлайн форматта “Инстаграм” желісі арқылы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша әділ – қазылар алқасының шешімімен 1 орынды Қ.Жармағанбетов мектебінің 8 сынып оқушысы Аят Жұмабек жеңіп алды. 2 орынды Амангелді орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жансұлу Әбдіғапар иеленді. 3 орын Шұбалаң негізгі мектебінің 5 сынып оқушысы Дина Жұмабектің еншісіне бұйырды. “Инстаграм” парақшасында ең көп лайк жинаған Ы.Алтынсарин мектебінің 7 сынып оқушысы Арнұр Дүйсенбай “Жұлдызды әнші” номинациясына лайықты деп бағаланды. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.