Білім ордаларында соңғы қоңырау соғылды

Тағы  бір  оқу  жылы  аяқталды. Ауданның барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Білім ошақтарында санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектеп түлектері үшін салтанатты шара ұйымдастырылды. Мектеп  табалдырығына  тарыдай  ғана  болып  кірген  бүлдіршіндер, кеше алтын  ұяларынан  таудай  болып  қанат  қақты. Өмірлерінің  жаңа  парақтарын  ашты.

Ы.Алтынсарин атындағы  қара  шаңырақ 74 түлектерін  шығарып  салды.Салтанатты  жиында  мектеп  директоры  Әділжжан Сламжанұлы  құттықтау  сөз  сөйлеп,  бітіруші  түлектерге  ақ жол  тіледі. Он  бір  жыл алған  білімдерін  сынға  салатын  сындарлы  сәтінен  сүрінбей  өтуіне  тілектестігін білдірді.  Ата-аналар  атынан  сөз алған Бақытжамал Тойшина,  саналы  ғұмырларын  шәкір  тәрбиелеуге арнаған  ұстаздар  қауымына  барша  ата-аналар атынан  алғыс  білдірсе,  Шынболат Сейтқасым бітіруші түлектерге  ақ  батасын  берді. Әр  бір  шәкіртін  бір  төбе  көріп,  әр  біріне  баласындай  қамқор  болатын сынып  жетекшілер қауымы атынан Балзира Қасқатаева   жүрек  жарды  лебізін  арнады.  Мектепті  алтын белгімен  аяқтаған  оқушылар  мектептің  “алтын кілтін”  өздерінен  кейінгі ізбасарларына  табыстады. Биылғы  оқу  жылында  мектеп  оқушылары  облыстық,  республикалық  додаларда  қоржындарын  жүлдемен  толтырған.

9 сынып  оқушылары,  алтын  кілтті  қабылдап, мектеп  дәрежесін  асқақтатып,  мерейін  үстем  етеміз деп ант  берді.

Аталмыш мектепте 508 оқушы, даярлық  топта  55 бала  бар.  Оқушыларға  сапалы  білім  беретін білім ордасында, 94 мұғалім  жұмыс  жасайды.  Былтырғы  жылы үш алтын  белгі,  бес үздік  оқушы  тәмамдады. Сондай-ақ,  бір оқушы білім  грантын  ұтып алған.  Биылғы  жылы үш оқушы алтыннан төс  белгісін  тағынса,  бір оқушы  үздікпен  аяқтады. Аталмыш мектептен былтырғы  жылы 41 бала бітірсе, 38 түлек ҰБТ тапсыруға  ниет  білдірген. Оның  27 жоғарғы  оқу орындарына  түскен,  14 колледжде білім  алуда.  Биылғы  оқу жылын  31  оқушы аяқтады.  Ұлттық  бірыңғай  тесттілеуге 28 оқушы  қатысады.

Аталған іс-шара  аудандағы   Н.Иванов орта мектебінде де  өтті. 124  оқушы  тәлім  алатын  оқу  ордасында 32  мұғалім  бар. Оқу  жылын  жеті  оқушы  бітірді. Бір алтын  белгі  иегері болса,  бір оқушы  мектепті  үздікпен  аяқтап отыр.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Торғайлық кәсіпкер ата кәсіпті қалай дөңгелетіп отыр?

Тәуіш ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Тұрар Шүленов үш буын бойы үзілмей келе жатқан отбасылық кәсіпті…

15 часов ago

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

2 дня ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

2 дня ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.